Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бір жылда көмірдің құны 28 пайызға өсті

Қазақстанда бір жылда көмірдің құны 28 пайызға өсті

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – 2016 жылы көмір бағасы 0,5 пайызға (52 теңге), тоннасына 9,5 мың теңгеге төмендеуінен кейін, 2017 жылдың қараша айының соңында бір жыл ішінде бірден 27,6 пайыз (2,6 мың тонна), тоннасына 12 мың теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш 5 жылда алғаш рет болып отыр.

2017 жылғы қаңтар-қарашада көмір өндіру 95,9 млн тоннаны құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға (4,8 млн тонна) артық.

2017 жылы көмір бағасының көтерілуі Қазақстанның барлық қалаларына әсер етті.

Ең төменгі баға Павлодарда байқалды. 1 тоннаға жуық көмірдің бағасы 7 890 теңге, жыл ішінде 27,6 пайыз (1,705 теңге) өсім көрсетті.

Одан кейін Семей қаласында бір тонна көмір 7 937 теңге болды. Бір жыл ішінде өсім 10,1 пайызға (726 теңге) тең келді.

Ең төменгі баға бойынша 3-орынды Өскемен иеленді. 1 тонна көмір 8 512 теңге тұрды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға (762 теңге) артық.

1 тонна көмір үшін ең жоғарғы баға Оралда (17 мың теңге), одан кейін Шымкент пен Жезқазғанда (14,5 мың теңге) байқалды.

Похожие материалы