Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағалары 40 пайызға қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағалары 40 пайызға қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда импорттық дәрі-дәрмек бағасы шамамен 35-40 пайызға өсуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, дәріханалар препараттарды енді жаңа бағамен сатып алады. Сәйкесінше, өздері шығынға ұшырамау үшін бағасын көтереді деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

«Бізде қазір бар дәрі-дәрмек бұрынғы бағамен сатылып жатыр. Бірақ енді жаңа партиялар келеді. Доллардың көтерілуіне байланысты бағалар да өсетіні белгілі. Адамдар жұмыс істеп жатыр, олар алған бағаларынан төменге сатпайды ғой», - дейді Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Зүрият Сыбанқұлова. Отандық дәрі-дәрмектің бағасы да өсуі мүмкін. Себебі, көпшілік өндірушілер препаттарының ыдыстары, компоненттері, тіпті заттаңбалары да шетелде жасалады. Әйтсе де, Алматы әкімдігі мен фармацевтер арасындағы жасалған меморандум бойынша, әлеуметтік маңызы жоғары дәрілер бағасы сол қалпында қалады.

Похожие материалы