Қазақстанда 1 сәуірден бастап электрэнергиясының тарифі арзандайды деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінен.
Ведомстваның атап өтуінше, бұл - электр энергия бағасын төмендетудің екінші кезеңі, бірінші кезеңі осы жылдың 7 наурызынан дейін болған.
Төмендеуге "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС электр станциясының бір сағаттағы кВт бағасын 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге түсіруі себеп болды. Ал «KEGOC» АҚ-ның тарифі 1,954 теңгеден 1,943 теңгеге немесе 0,11 теңгеге арзандады. Минимальді төмендеу Қостанай облысында тіркелді. Электр энергиясының бір сағаттағы кВт бағасы 0,002 теңгеге немесе 1,736-дан 1,734-ке төмендеді. Максимальді көрсеткіш 5,81 теңгеден 5,77 теңгеге дейін немесе 0,04 теңгемен Ақмола облысында белгіленді.