Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кіреберіс жолдарды пайдалану ережелері өзгерді

Қазақстанда кіреберіс жолдарды пайдалану ережелері өзгерді

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Кіреберіс жолдарды пайдалану ережелерін бекіту жөніндегі бұйрыққа енгізілген өзгертулер күшіне енді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі.

Бұйрықта кіреберіс жолдарды жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу түрлерін қарастыратын норма енгізілген. Бұл белгіленген жұмыстарды жүргізу процесін реттеуге және жол тармақтары иелерінің кіреберіс жолдарды негізсіз жауып тастауын шектеуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, жоспарланған жұмыс кестесі өзгерген жағдайда жол тарамақтарының иелері тасымалдау қызметін көрсететін пайдаланушыларды кем дегенде 15 күн бұрын хабарландыруға міндетті.

Бұдан бөлек, ережеде жол тармақтары иесінің қажет болса, қабылдау-беру тізімдемесін тасымалдаушыдан сұрау құқығы белгіленген.

Похожие материалы