Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда смарт-маталар шығарылады

Қазақстанда смарт-маталар шығарылады

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда электрөткізгіш тоқыма матасын жасап шығарды. Бұл шетелдік аналогтардан 8 есе арзан болады. Бұл туралы стартап дайындаушысы Нұрқадыр Мансұров хабарлады.

Қазақстан өндіретін жылу сақтағыш матаның шаршы метрі кез келген зауыт үшін 10 доллар көлемінде болады. Ал шетелде мұндай маталар 7-8 есе қымбат.

"Әрине, әскери киім технологиясы күрделірек, сондықтан да бағасы да қымбат. Алайда отандық тоқыма маталар импорттыққа қарағанда арзан болады. Тіпті бұл мата көрші мемлекеттен болса да. Мәселен, Қытай қымбатырақ мата мен өзге технологияларды пайдаланады. Біздің мүмкіндіктеріміз шектеулі болғандықтан, бізге арзан алмастырушылар қажет болды. Нәтижесінде, біз сапасы жоғары, шығыны аз өнімге қол жеткіздік. Бұл кез келген стартапта болатын жағдай: қымбат материалдарға қаржы жетіспеуінен, арзанын іздеуге тура келеді", - деді Н. Мансұров.

Оның айтуынша, Қазақстанда әзірге smart-мата дайындамайды, тек матаны металлмен шаңдатады. Бұл технологияның кемшілігі - тез тозып кететіндігінде. Себебі, ол ылғалдың салдарынан эрозияға ұшырайды. Ал "жетілген" матаның тұрақтылығы жоғары.

"Алғашқы өнімді алу үшін жалпы 2 млн теңге қаржы керек. Қазір біз Almaty Tech Garden-де инвестор іздестірудеміз. Біз қажетті материалдарды Қазақстан мен Ресейден алдыртамыз", - деп атап өтті жоба жетекшісі.

Айта кетейік, смарт-тоқыма матасы нанотехналогияларға негізделген. Ол сыртқы факторлар есебінен қажетті жағдайлар жасайды: жылыту, салқындату, түсін өзгерті, құрылымы, тағы басқалары.

Похожие материалы