Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда құс тұмауын емдейтін дәрі ойлап табылды

Қазақстанда құс тұмауын емдейтін дәрі ойлап табылды

Құс тұмауы мен шошқа тұмауын қазақстандық өсімдік негізінде жасалған дәрінің көмегімен емдеуге болады. Бұл бастаманы көтерген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінің ғалымдары болатын. Жоба авторларының бірі, профессор Дмитрий Корулькиннің айтуы бойынша, дәрілер топтамасы қазақстанда өсетін өсімдіктер негізінде жасалады. Дәрінің құрамына итмұрынның Rosa canina және Rosa corymbifera атты түрлері, қымыздық, қызғылт родиола және бозкілем тұқымдас өсімдіктер кіреді. Факультетте тұмаудың вирустарын өлтіру үшін өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды іріктеп алудың  сызбасы жасалған. Өсімдіктердің 20 түрі бөлініп алынды.

Дәрінің ең аз концентрациясының өзі шетелдік баламалардан 40 есе тиімді екендігі анықталып отыр. Ғалымның айтуынша, дәрі клиникалық тексерістен өткен.

Сонымен бірге бұл медициналық дәрі вакцина емес. Ол осы тұмауды жұқтырған адамдарды емдей алады. Қазақстандықтар тұмау жұқтырған жағдайда "Ремантадин" атты дәріні қабылдайды екен. Корулькин бұл дәрінің мұнай өнімдерінен жасалатынын және оның уытты екендігін атап өтті. Ал, өсімдік негізінде жасалған дәрінің ешқандай жанама әсері болмайды, әрі тұмауымен күресуге қабілетті келеді.

Похожие материалы