Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда шағын бизнестің қандай түрін ашқан тиімді?

Қазақстанда шағын бизнестің қандай түрін ашқан тиімді?

2016 жылғы сәуірдегі есеп бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздар саны 439,3 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 4,9%-ын құрады. Бұдан бөлек елімізде жұмыстан қысқарып жатқандар саны да артты. Жұмыстан шығып қалу ықтималдығы жоғарлаған сайын адамдар жеке бизнес ашу керектігін түсіне бастады. Ал Қазақстанда кішігірім қандай бизнес ашуға болады? 7kun.kz шолып шықты.

Қазіргі кезде кейбір бизнес түрлері дағдарыстың артынан лесіп кетіп жатса енді бірі сәтті жұмыс істеп, қызметін кеңейтіп келеді. Ал шағын бизнестің тиімдісі қайсысы? Анықтап көрейік.

1. Шағын бизнесте ең тиімдісі халыққа қызмет көрсету саласы. Яғни сауда дүңгіршектері, кішігірім дүкендер, жол бойындағы кафелер, фаст-фуд, дәріханалар ашу. Мұндай қызмет түрлеріне сұраныс әрқашан жоғары. Салық төлеу жүйесі болмаса аталған кәсіп түрлері ешқандай саясатқа, мемлекеттік тәртіпке араласпайды. Сондай-ақ жерлеу рәсімі қызметтері де бизнес түріне жататынын айта кету керек.

2. Кішігірім қалада ломбард ашу. Мұндай қызмет сұранысқа ие болмаса да халыққа қажет. Ақшадан қысылған адам өзінде бар бағалы заттарды өткізу арқылы тығырықтан шығатыны белгілі. Бұдан бөлек табысты арттыру үшін және жалға алынған орынның шығынын өндіру үшін қосымша көшірме, канцеляриялық тауарлар, ұсақ-түйек офистік техника құралдарын сататын орталық ашып қоюға болады.

3. Соңғы уақытта белсенді дами бастаған кішігірім кәсіптердің бірі - прокат. Яғни қымбат көлік, киім, бижутерия, мерекелік костюмдер секілді заттарды жалға беру. Яғни сұранысқа ие кез келген өнімді жалға беруге болады. Бірақ еш қайталанбайтын сапалы өнім болғаны жөн.

4. Қазір елімізде көліктер саны жыл санап артып келеді. Оның үстіне жеңілдетілген автонесие бағдарламасы енгізілгелі бері көлік сатып алушылар қатары да көбейді. Сондықтан көлік нарығына қажетті автошеберлік, шиномонтаж, автокөлік жуу орталығы сынды орындар ашу табысты бизнес түрлерінің бірі. Айта кетейік, мұндай бизнес түрлерінің табысы әр мезгілге байланысты болады.

5. Тұрмыстық қызмет көрсету. Бұл секторға тұрмыстық техникаларды жөндеу қызметі, тапсырысқа тағамдар әзірлеу, жекеменшік балабақша ашу, бала күтуші, киім тігу және жөндеу сынды қызмет түрлері жатады. Ал егер бизнес ашуға қаражатыңыз жеткілікті болса аяқ киім немесе киім дүкенін ашуға да болады.

6. Сондай-ақ, бизнес ашу үшін қаражатыңыз жеткіліксіз болса, алайда оған қарамастан өз кәсібіңізді бастауды жөн көрсеңіз халыққа қызмет көрсету орталығы бар екенін ұмытпаңыз. Олар жеке ісіңізді ашуға көмектесу қызметерін ұсынып, түрлі кеңестер беріп тренингтер өткізеді. Сондай-ақ, ашқалы жатқан бизес үшін субсидия алуға да болады.

Сонымен жоғарыда аталған шағын бизнес түрлерін қазіргі кезде табысты әрі сұранысқа ие деуге болады. Ал бизнес саласында жүргендер негізгі табыс көзін таба білсе кез келген бизнесті табысты болады дегенді айтады. Сондықтан қандай бизнес таңдайтыныңыз өз еркіңізде. Тек жетістікке жетудің жолын дұрыс тағдасағыз болғаны.

Похожие материалы