15 қазанда Алматыда алғашқы медиа-саммит өтті. Саммит барысында қазақстандық медиаиндустрияның даму перспективалары, индустриялық жағдайлар мен телевизия саласындағы мамандардың бірігуі, digital және Қазақстан медиасы талқыланады. Бағдарлама аясында отандық медиа нарығындағы телевизия мен интернеттің сапалы-перспективалы бағытына баса назар аударылады. Саммитке АҚШ, Швейцария, Ресей, Германия мен Орта Азиядан 46 спикер келген.
7kun.kz сайты сіздердің назарларыңызға медиа-саммиттен фоторепортаж ұсынады.
Қазақстандағы интернет-ассоциациясының басшысы Шавкат Сабыров. Елдегі интернет-нарықтың жағдайы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы интернет-нарық елге 2,2 млрд теңге салық төлеген.
Медиа бизнес ойыншылары жиналған алаң қосымша әріптес тарту үшін таптырмас орын.
Asia Central TNS бас директоры Татьяна Старцева қазақстандық жарнама нарығы туралы әңгімеледі.
International Media Service компаниясының құрылтайшысы Валерий Маштаковтың айтуынша 2014 жылы Қазақстандағы тележарнама нарығы — 7%-ға, ал Ресейде — 20%-ға төмендеген.
Ұлттық медиа-ассоциацияның басшысы Лев Звонарев.
Кейде самсаған сандар да жалықтырып жібереді.
Ғазиза Жапарова, "Алма-ТВ" контентін басқару департаментінің директоры. "Қазақстандық телевизия: отандық көрерменді қайдан іздеу қажет" атты баяндамасы көптің қызығушылығын туғызды.
Алмазбек Мамырбаев, MEGOGO-ның Орталық Азиядағы бас директоры
Асхат Өскембаев, Қазақстандағы жарнама мектебінің негізін салушы, "Канн арыстандары" креативті фестивалінің ресми өкілі.
Нұрмұхамед Ибраев, Samsung Electronics-тың Орта Азиядағы digital-менеджері. "SMM өлді" тақырыбындағы шеберлік-класы ерекшелердің бірі болды. Компания тәжірибелерімен бөлісе отырып, бүгінгі SMM мен оның қателіктері туралы әңгімеледі.
Журналистика - ауыр еңбек. Ауыр камераны көтеріп жүріп, арасында осылай демалуға да тура келеді.
Алексей Пивоваров, "СТС Медиа" холдингінің трансмедиялық жобалар департаментінің директоры. Арнаның жұмыс істеу принциптері мен осы жылдағы жаңалықтары туралы әңгімеледі.
"Aruzhan&Go" продюссерлік орталығының директоры Аружан Саин