Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың мәлімлеуінше, елді газбен қамтамасыз ету сатылы түрде іске асып келеді. Ол соңғы 10 жылда елде 8 млн адам газға қол жеткізгенін, бұл халықтың 46,3 пайызы екенін айтты.
EnergyProm агенттігінің ақпаратына сәйкес, тасымалдау желілері арқылы үлестірілетін табиғи газ бағасы өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға өсіп, текшеметрі 17,05 теңгеге қымбаттаған.
Ең жоғары баға 1 жылда 19 пайызға қымбаттап, текшеметрі 32,61 теңге болған Алматы мен өткен жылдан бері 7 пайызға қымбаттап, газдың текшеметрі 31,34 теңге тұратын Шымкенте тіркелген.