Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тікелей инвестициялар қоры құрылды

Қазақстанда тікелей инвестициялар қоры құрылды

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі және "Алмэкс" холдингтер тобы - тең құқықты негізде қор инвесторлары. Қаржыландыру көлемі 18,6 млрд теңге болды деп хабарлайды 24.kz.

Қаражат агроөнеркәсіп кешенінің және азық-түлік өнеркісібінің отандық кәсіпорындарын қолдауға бағытталады деп жоспарланып отыр. Әр жобаны қаржыландырудың жоғарғы шегі - 15 млн доллар.

Қаражатты алу үшін құжаттарды бүгіннен бастап бере беруге болады. Әр аймақта кәсіпорындарды іріктеумен айналысатын жұмыс топтары құрылған.

Қор қатысушыларының айтуынша, қаржылай қолдаудың мұндай түрі сұранысқа ие болады, себебі екінші деңгейлі банктер пайыз мөлшерлемелерін арттырып, қарыздың берілуін қысқа мерзімге белгілеп қойған.

"Қаржыландыру жарғылық капиталға ену арқылы 5-7 жылға есептелінетін болады. Бұдан әрі, жоба өзі жүріп кеткесін, кәсіпкер өз үлесін сатып ала алады, және қор бұл жобадан шығып, жаңа жобаларды қаржыландырады", - деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Похожие материалы