Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік бағасы 7,4%-ға өскен

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік бағасы 7,4%-ға өскен

2015 жылдың ақпанында 2014 жылдың ақпанымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 7,4%-ға өсті деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

2015 жылдың ақпанында 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жарма бағасы 22%-ға өсті, қалған тауарлар бойынша өсім пайыздары келесідей: ұн - 14,9%, кофе, шай және какао - 10,2%, сүт өнімдері - 9,7%, қант - 9,5%, балық пен теңіз өнімдері - 9,1%, нан - 8,2%, макарон өнімдері - 7,2%, алкоголь сусындар - 7,1%, жемістер мен көкөністер - 7%, майлар - 2,2%.

Аталған кезең ішінде ет бағасының өсімі 4,4% болды. Құс етінің баға деңгейі 14,6%-ға, шұжық тағамдары 11%-ға, шошқа еті 8%-ға, жылқы еті 1,7%-ға жоғарылады, ал қой етінің құны 0,4%-ға төмендеді.

Похожие материалы