Қазақтанда алкоголь өндірісі келесі жылы 30-35%-ға төмендейді. Бұл Қазақстандағы шетел өнімдерінің басымдылығы мен акциздердің жиі өсуіне байланысты және отандық алкоголь нарығының бәсекеге қабілетсіз болуына негіз болады.
Отандық нарықтағы импорттың көлемі экспортқа қарағанда 8,6 есеге артық. Мысалы 2013 жылы алкоголь нарығында импорт 81,5 млн литрды құрады. Ал экспорт көлемі бар болғаны 9,5 млн литр болды. Ресейлік BusinesStat компаниясының алкоголь өніміне қатысты жүргізген сараптамасы бойынша Қазақстанға 72,1 млн литр алкоголь өнімі импортталған. Дегенмен 2015-2019 жылға болжам жасай отырып, 2018 жылы экспорт көлемі 19,5 млн литрға артып, жалпы алкоголь өнімінің импорт пен экспорт балансы 58 млн литрға жетеді деп көрсеткен. Бұл шетелдік компаниялардың Қазақстанда барынша қысқартылуына байланысты болуы мүмкін.Ресейде қазақстандық спиртті кіругізуге тыйым салынған
"Бұдан қарама-қайшылық туындайды: сыра өндірісінің 90%-ын шетелдік компаниялар құрайды. Ал алкоголь өнімін өндіретін кәсіпорындардың 100%-ы - отандық кәсіпорын. Яғни біздің үкімет шетелдік компанияларды қолдап, отандық өндіріске тиімсіз шарттарды ұсынып отыр. Біз мұны дұрыс ұсыныс ретінде қабылдай алмаймыз. Үкімет шенеуніктері біздің сөзімізге мән береді деп үміттенемін", - деді "ҚазАлко" басшысы. Айта кетейік, Ресейдегі акциз бәсі мен ең төменгі бөлшек сауда бағасы 2014 жылға қарағанда 20 пайызға арзандаған. Ал акциздері Қазақстанмен салыстырғанда 2,5 есе аз Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтағы жұмысын бастағаннан кейін елімізге арзан алкоголь ағыла бастайды. "Қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында халықтың сатып алу қабілеті төмендеп жатқанда салық пен бағаны көтеруді үкіметтің қате қадамы деп есептейміз", - дейді өндірушілер. Ә.Қалиевтің сөзінше, Ресейде қазақстандық спиртті кіргізуге ресми түрде жарияланбаған тыйым салынған. "Егер кіргізсеңдер, проблема табасыңдар дейді. Ал проблеманы барлық жерде табуға болады. Әрине, тыйым салу ресми түрде жарияланбағандықтан, біздің нақты болмаса да, жанама дәлелдеріміз бар.Осыған дейін 2009-2010 жылдары келісілген шарттар 2011 жылдан бері өз күшін жойды. Тағы бір айта-кетерлігі, бүгінде Қазақстанда 40-қа жуық фирма ресейлік-беларустық өнімнің импортымен айналысады. Ресей Федерациясының аумағын есептесек, Ресейде мұндай фирмалар саны 600-ден асуы керек", - дейді ол.Спиртті өнімнің бір құтысы 800 теңге болуы мүмкін
Бұдан бөлек, алкоголь өнімін қолдану деңгейі өз көрсеткішінен барынша азайып отыр. Мысалы 2013 жылы бір қолданушы үшін алкоголь өнімінің көрсеткіші 5%-ға төмендеген. Мұндай жағдай бөлшек саудада өнімнің үнемі қымбаттауынан болуы мүмкін. BusinesStat-тың есебі бойынша, алкоголь өнімдерінің орташа бағасы жыл сайын 13%-ға қымбаттап отырады. «Нарық көлемінің төмендеуіне байланысты күшті алкоголь өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың саны қысқарып жатыр. Осыдан 8 жыл бұрын спирт этилі мен су өнімдерін өндірушілердің саны 52 болды. Ал қазір олардың 39-да ғана лицензия бар. Жұмыс істегендері - 26. 2014 жылы бар болғаны 17-18 кәсіпорын жұмыс істеді. Бұдан біз өнім өндірудің ары қарай даму процесін және сыртқы нарықтағы айналымын көре алмаймыз», – деді Ә. Қалиев. Бұл факторлардың барлығы нарықтың дамуына кері әсерін тигізуде. Ә. Қалиевтың сөзінше, өндірістің қиын жағдайда қалуы өндіруші компаниялардың қаржылық мәселелерге тап болуына және алкоголь нарығының даму деңгейінің төмендеуіне алып келеді.«2015 жылы өткен жылмен салыстырғанда спирт акциздерінің 20%-ға өсуі алкоголь өндірісін 30% немесе 20%-ға қысқаруы мүмкін. Ең алаңдатарлық жағдай 2016 жылы болады. Осыған қатысты салық Кодексіндегі спирт бағасы 640 теңгеге дейін көтеріледі. Нәтижесінде өндіріс көлемі 30-35%-ға қысқарып, акциз көлемі жоспарланған деңгей бойынша 60%-дан аспайды», — деді Ә. Қалиев.
«Қазалко» басшысының мәлімдеуінше, акциз мөлшерлемесінен бөлек есептелген 8,3 млрд теңгенің 4 млрд теңгеден астамы акциз салығына кетуі мүмкін. Оның сөзінше, 2016 жылы Қазақстандағы спиртті өнімнің бір құтысы 800 теңге болып, ресей өнімінен де қымбат болады.
Алкогольдің орнынан алма шырыны
Алкоголь өнімдерін өндірушілер жағдайға байланысты бағыттарын өзгертіп, тауарлар желісінде алкогольсіз сусындарға көбірек орын беріп жатыр. Әміржан Қалиевтың мәлімдеуінше, алкоголь өндіру ісінің қыспаққа алынуы осындай қадам жасауға негіз болып отыр.«Қазақстанда алкогольді сусындарды тұтынудың төмендеп жатқанын ескерсек, біздің спирт және арақ-шарап шығаратын кәсіпорындарымыз бизнестерін әртараптандырып жатыр. Қазіргі көптеген біздің кәсіпорындар алкогольсіз сусындарды да өндіретін болды. Мысалы шырындар, су және тағы басқалар»,- деді Ә. Қалиев.
Оның айтуынша, астық өндірумен айналысатын, нан-тоқаш, ет және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорын бар. «Біз ары қарай өнімнің түрлерін көбейтуге дайынбыз»,- деді ол. Алайда Қалиев бұл шығар жол емес екенін, алкогольді ішімдіктерге сұраныс бар кезде, тауар сырттан кіргізіле беретіндігін атап өтті. «Яғни біз шетелдік экономиканы қолдап отырған боламыз»,- деді «ҚазАлко» ассоциациясының президенті.