Қазақстандағы автокөлік иелері бюджетке 31,6 млрд теңге қаржы әкелді
Алматы және Алматы облысының жекеменшік көлік иелерінің 2014 жылы көлік құралдарына салынатын барлық салық мөлшері 36%-ды құрады деп хабарлайды BNews.kz.
Жалпы салық мөлшері 11,3 млрд теңгені жетті. 2013 жылы Алматы қаласы мен облысындағы салықтың мөлшері 34,8%-ды құраған болатын.
Қазақстан аумағындағы автокөлік иелері 2014 жылы үкіметке 31,6 млрд теңге көлемінде салық төлеген. Бұл сома 2013 жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артқан. Салықтың жоғары сөлшері 15 аймақта байқалған. Ең көбі – Алматы және Алматы облысында тіркелген. Батыс Қазақстан облысында салық мөлшері 19%-ға, яғни 1 млрд теңгеге дейін өскен. Жалпы есеп бойынша, бір ғана автокөлік иесі орта есеппен 8,5 мың теңге төлеген.
Оның алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 8,3 мың теңге болатын. Салықтар бойынша ең қымбат және орташа бағада салық төлегендер – Шығыс Қазақстан облысы (бір автокөлікке 17,3 мың теңге) және Қарағанды облысы (12,6 мың теңге).