2016 жылы мемлекеттік бюджеттен білім беруге 1,6 трлн теңге бөлінген, 2015 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсті. Соңғы 3 жылда жылдық орташа өсім - 4%. Мұндай өзгеріс 2016-2019 жылдардағы білім беру, ғылым саласындағы мемлекеттік жұмыспен байланысты деп жазады Ranking.kz.
Мемлекеттік бюджеттің құрылымындағы білім беру шығындары басқаларымен салыстарған 17-18% болды, әлеуметтік көмек пен қамсыздандырудан кейінгі 2-орында.
Білім беру саласының 80%-ы жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылады, ал жоғары білім мен республикалық деңгейдегі бағдарламалар республикалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаржысы білім беру объектілерін қайта жаңалау мен құрылысына бөлінеді. 2016 жылы жергілікті бюджеттен білімге жіберілген қаржы 22%-ға (1,3 трлн теңгеге дейін), республикалық бюджет қаржысы 24%-ға (357 млрд теңге) көбейген.
2016 жылы "2016-2019 жылдардағы білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" атты жоба енгізілді. Оның мақсаты - педагогикалық құрамның сапасын жақсартып, жаңаландыру арқылы білімнің деңгейі мен оның қолжетімділігін көбейту.
Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 433 млрд теңге бөлінген, ол білім беруге бөлінген қаржының 25%-ын құрайды. Республикалық бюджет 320 млрд теңге, ал Ұлттық қор "Нұрлы жол" аясында білім беру объектілерінің құрылысы мен қайта жаңаландыруға 58,7 млрд теңге қарастырды.
Жоспар бойынша 2017 жылы 319,6 млрд теңге бөлінуі керек. Айта кету керек, Дүниежүзілік Банкпен бірге соңғы жылдары білім беру саласында құны 376 млн доллар болатын 3 бағдарлама құрастырылды: "Еңбек нарығының талаптарына сәйкес еңбек қабілеттілігін дамыту", "Орта білімді жаңаландыру" және "Инновациялық өнімдерді стимулдау".
2017 жылдан бастап Қазақстанда "Барлығына арналған тегін кәсіби және техникалық білім" атты жоба іске қосылады. Ол білікті қызметші кадрлерді дайындауды 40%-ға көбейту және барлығын тегін біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.
2018 жылдан бастап Дүниежүзілік Банктен алынған қаржы аясында "Қазақстан Республикасындағы орта білімді жаңаландыру" жобасын іске қосу басталады. Бағдарлама мақсаты - білім беру сапасын арттыру. Нәтижесінде 12 жылдық білім беруге көшіп, мектептердің материалдық - техникалық базасы артуы қажет.
ОҚО және Алматы облыстарындағы білім берудің 30%-ы және барлық оқу орындарына қажетті шығындардың 24%-ы жергілікті бюджеттен алынған (басым бөлігі - мектепке дейінгі мекемелер). Сондықтан бұл облыстар республикалық бюджеттің негізгі тұтынушылар деп саналады.
ОҚО-дағы білім беру шығындары 238,6 млрд теңгені, Алматы облысында 149 млрд теңгені құраған. Ал басқа аймақтардағы қаржы жұмсау 66 млрд теңге болды. Атырау облысында білім беруге арналған шығын 39%-ға, Алматы облысында 33%-ға және СҚО-да 27%-ға артқан.





