Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы көлік бағасы Ресеймен салыстырғанда төмен

Қазақстандағы көлік бағасы Ресеймен салыстырғанда төмен

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz - Валюта курсы өзгергеннен бері Қазақстандағы автомобильдер бағасы Ресеймен салыстырғанда төмен. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихатында "Автоцентр-Бавария" басшылығы мәлімдеді. 

Алғаш рет Қазақстанда ресми түрде 300-ден аса BMW сатылған. Өткен жылмен салыстырғанда сатылым көлемі 39,5%-ға көбейген. Бөлшек саудадағы көшбасшы Х5 және Х6 модельдері болып қала береді, олардың үлесі - 79%. Кредитке сатылған машиналардың үлесі - 12%.

2016 жылы Қазақстанның премиум-сегментінің барлығында сатылым артқан. АҚАБ-тың мәлімдеуінше, люкс класындағы автомобильдер сатылымы - 2071 бірлік, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 18,4% артқан.

Дегенмен жалпы авто нарығы 2 есе кеміген. ҚазАвтоӨндірісінің мәліметінше, 2016 жылы ресми дилерлер арқылы 43 845 жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктер сатылған. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 53,6%-ға төмен.

Премиум-сегменттің үштігіндегі авто: Lexus (1027 көлік), BMW (302 көлік) және Land Rover (268 көлік). Үш брендтің өткен жылы сатылымдары өскен. "Автоцентр-Бавария" орталығының түсіндіруінше, кейбір автодилерлер өндірушілермен бөлшек бағаны төмендету туралы келіскен.

Көрші ресейлік нарықта да өзгерістер болған. Еске салайық, 2014 жылдың соңында рубль бағасы екі есе құлдыраған кезде, қазақстандықтар жаппай Ресейден көлік сатып алуға көшкен еді. Сол уақытта автоөндірушілер қазақстандық дилерлерге бағаны төмендетуге рұқсат берген жоқ, дегенмен кейінірек қалпына келтіру мүмкін болды. Мамандардың сөзінше, ресейліктер жаппай Қазақстанға келіп жатқан жоқ. Отандық дилерлер де ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға тырысады.

Похожие материалы