
Рубль курсының құнсыздануына байланысты қазақстандықтар Ресейден жаппай жеңіл көліктер сатып ала бастады. Нәтижесінде отандық машина өндірісі 32%-ға төмендеп кетті. Бұл туралы орталық коммуникациялар брифингінің қызметінде ұлттық экономика министрлігіндегі статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлімдеді.
"Қаңтар-наурыз айларында автотранспорт құралдарының өндірісі 68%-ды құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсанында жеңіл көліктердің өндіріс көлемі 32%-ға төмендеді дегенді білдіреді. Аталған мәліметтер жеңіл көліктер мен автобустарға да қатысты", - деп атап өтті ол.
Өндірістің төмендеуі "Азия Авто Восток", "Камаз инжиниринг" және Қостанай өңіріндегі кәсіпорындарда тіркелген.
"Сіздер себебін білесіздер", - деді Смаилов Қазақстандағы авто өндіріс көлемінің құлдырауын рубль құнсыздануымен байланыстыра отырып.