Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 4,8 пайызға көбейді

Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 4,8 пайызға көбейді

2015 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 1,270 трлн теңгені құрады. Бұл 2014 жылдағы көрсеткішке қарағанда 4,8 пайызға артық деп хабарлайды экономика министрлігіндегі статистика комиетінен.

2014 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда құрылыс-монтаж жұмыстары 7,3 пайызға ұлғайып, 1,115 трлн теңгені құрады. Капиталды жөндеу жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 18,8 пайыз есе азайған. Жарты жыл ішінде 21 мың 930 ғимарат пайдалануға берілді. Олардың ішінде 20 мың 664 тұрғын үй мақсатындағы және 1 мың 266 тұрғындық емес мақсаттағы обьектілер бар. 2015 жылдың қаңтар -шілде айларында тұрғын үй құрылысына 387,6 млрд теңге бағытталды. Бұл өткен жылдағы кезеңмен салыстырғанда 15,1 пайызға артық. Орта есеппен көпқабатты тұрғын үйлерле 1 шаршы метр құрылысы үшін 128 мың теңге жұмсалған. Ал жеке салушылар тарапынан 1 шаршы метр үшін 72,5 мың теңге кеткен.

Похожие материалы