Экономика
Қазақстандағы шетелдік қызметкерлердің саны көбейе түсуде
Қазақстанда шетелден келген жұмыскерлердің саны артты. Барлық Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілген шетел жұмыскерлерінің 60%-ын Қытай мен Түркия елдерінің азаматтары құрады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілген 30,5 мың адам болған. Осылайша, шетелдік жұмыскерлердің саны 26%-ға артқан. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, 9 ай ішінде Қазақстанға Қытайдан 12,9 мың жұмыскер келген.
Екінші орында Түркия елі тұр. Осы жылы мемлекет рұқсатынмен 5000 қызметкер келген. Өткен жылғы осы уақыт аралығында түрік азаматтарының саны 3,1 мың болды. Қазақсатандағы түрік жұмыскерлерінің көлемі 60%-ға артты.
Осылайша, 2015 жылдың ақпан-қыркүйек айларында жұмыс істеуге рұқсатын алған қытай және түрік азаматтарының саны 17,9 мыңға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 80%-ға артты.
Фото:khabar.kz сайтынан алынды.