Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы қытайлық компаниялар саны 35%-ға көбейді

Қазақстандағы қытайлық компаниялар саны 35%-ға көбейді

3 жыл ішінде Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлық компаниялар көлемі 35%-ға артты. Бұл туралы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (КИСИ) директоры Ерлан Қарин мәлімдеді деп жазады ҚазАқпарат.

"2016 жылдың басында Қазақстанда 600-ден астам қытайлық компаниялар болды. 2013 жылмен салыстырғанда олардың көлемі 35%-ға артты", - деді Е.Қарин Орта Азиядағы қауіпсіздік бойынша 14-ші КИСИ конференциясы кезінде. Спикердің атап өтуінше, қытайлық компаниялардың бір бөлігі сауда және құрылыс сферасында тіркелген. "Қазақстандағы шетелдік қатысуымен құрылған компаниялардың саны бойынша Қытай 5-орында. Алғашқы төрттікті Ресей, Түркия, Нидерланды және Германия қортындылайды, олардың әрқайсысының үлесіне 9 мың кәсіпорыннан келеді", - деді Е. Қарин. Оның мәліметінше, 2010-2015 жылдарда Қазақстаннан Қытайға келетін шетелдік инвестициялардың жалпы тасқыны 10 млрд доллардан асқан, бұл көрсеткіш бойынша Қытай 4-орында.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, 2016 жылдың басында Қазақстанда Қытайдың қатысуымен құрылған 2500-ден астам компания бар. Олардың 500-ден астамы қазақстандық-қытайлық жақтың бірігуі арқылы құрылған. Сондай-ақ 2016 жылы көрші елдің қатысуымен жүзеге асырылатын 6 жоба жсопарланып отыр. Жалпы құны 4 млрд долларды құрайды.

Похожие материалы