Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қыздырғыш шамды пайдаланғаны және сатқаны үшін айыппұл салатын болады

Қазақстанда қыздырғыш шамды пайдаланғаны және сатқаны үшін айыппұл салатын болады
Қазақстанда қыздырғыш шамды пайдаланғаны және сатқаны үшін айыппұл салатын болады. Бұл туралы ұлтттық экономика министрлігіндегі энерготиімділікті арттыру және энергияны сақтау басқармасының бас сарапшысы Жақсылық Тоқаев Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.  Оның мәліметінше, мұндай жауапкершілік шағын және орта бизнестің заңды тұлғаларына және ірі компанияларға арналған. "Егер заңды тұлғалар және жеке тұлғалар тарапынан қыздырғыш шамды пайдалануға немесе сатуға қатысты шағым түссе, біздің аумақтық департаменттеріміз тексеруге шығады. Қажет жағдайда әкімшілік айыппұлдар салынады. Әкімшілік кодексінде кәсіпкерлер үшін арнайы айыппұл көлемі анықталған. Айыппұл кәсіптің табысы мен штат санына байланысты өзгеріп отырады", - деді Тоқаев. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда энергоүнемдеуші өнімдердің тексерісі мен сертификат берілуімен айналысатын арнайы зертханаларды жабдықтау мәселесі жүріп жатыр. Айта кету керек, 25 Ватт-тан жоғары қыздырғыш лампаларын елімізде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бері пайдалануға тыйым салған еді. Энергияны үнемдеу туралы заң 2012 жылы қабылданды. Қазіргі уақытта энергоүнемдеуші лапмаларды жалпы нарықтың 60 пайызға жуығы пайдаланады. 

Похожие материалы