Экономика
Қазақстанда жалған құжатпен 500-ден астам несие алынған
2015 жылы Қазақстанда жалған құжатпен 500-ден астам несие тіркелген. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюроге (БКБ) сілтеме жасап LS хабарлады.
БКБ-ның ақпараты бойынша, 2015 жылы күніне екі жалған несие тіркеліп отырған. Барлық жағдайда алаяқтар несиені қайтармау мақсатында жалған жеке куәлік жасаған.
"Жыл басынан бері 400-ден астам адам өзінің кредиттік тарихынан қате анықтамаларды тауып дау туды",-делінген БКБ ақпаратында.
Олардың айтуы бойынша, қазақстандықтар осы жылдың қыркүйек айынан бастап өзінің несиелік тарихын бақылай алатын болады. Қызметке SMS және e-mail арқылы қол жеткізе алады. Кеңес алу не осы қызметке қосылу үшін, БКБ сайтынан басқа, e-gov электрондық үкіметі порталынан және Қазақстанның 80 халыққа қызмет көрсету орталығынан қосылуға болады.