Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасының екінші кезеңі басталды

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасының екінші кезеңі басталды

«БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» филиалдары екінші транш бойынша көлік алуға жеңілдетілген несиені рәсімдеуге өтініштерді қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі Қазақстанда құрастырылған көліктерді сатып алушыларға жеңілдетілген несие беруді қаржыландыру үшін қосымша 11 млрд теңге қаржы бөлу шешімін қабылдады.

«АЗИЯ АВТО» АҚ зауытының өнімін сатып алушылар үшін бөлінген қаражаттың  50%-ы немесе 5,5 млрд теңге бекітілді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында қазақстандықтар «АЗИЯ АВТО» зауыты құрастыратын 22 модельге қол жеткізе алады. Оның құны 2,13 млн теңгеден басталады.

Өскеменде шығарылатын көліктерді сатып алушылар үшін ай сайынғы ең төменгі төлем  31,4 мың теңгені құрайды. Бағдарламаның жаңа талаптарына сәйкес, сатып алатын көліктің ең жоғары бағасы 9 млн. теңгеге дейін көтерілді.

Бағдарламаның қалған шарттары өзгеріссіз қалды. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 4 пайыз, несиенің тиімді мөлшерлемесі (қосымша шығындарды, сақтандыруды қосқанда) 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Несиелендіру мерзімі - 5 жылдан аспайды, алдын ала төлем - 0-20%, валюта бағамы - теңге.

Еске салайық, көліктерді сатып алушыларға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы 2015 жылдың 20 сәуірінде басталды. Бағдарламаның бірінші кезеңінде жеке тұлғаларды несиелендіру үшін Ұлттық қордан 15 млрд теңге қаржы бөлінді.

Фото: ratecredit.net

Похожие материалы