Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Қазақстанда өткен Экспо-2017 көрмесінде ұсынылған, қазақстандық ғалымдардың көмір химиясы саласындағы перспективалы әзірлемелері туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте көмір химиясы және технологиялар ҒЗИ директоры, ҚҰЖҒА академигі Болат Ермағамбет айтып берді деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жыл сайын Қазақстанда көмір өндіру көлемі 100 млн-нан астам тоннаны құрайды, алайда тек 5-7% ғана — металлургия саласында кокс, жартылай кокс, газ және электр энергиясын алу үшін өңделеді. Келешекте көмірді 10 млн тоннаға дейін химиялық өңдеуге жіберіп, одан тек мотор отынын ғана алып қоймай, жоғары қосылған құнымен өте бағалы өнмдерді де шығарған жөн, деп есептейді Ермағамбетов.
«Елімізде көмірді өңдейтін ғылыми-өндірістік және кадрлық әлеует бар. Мәселен, көмір химиясы және технологиялар ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үш жыл ішінде өздерінің әзірлемелері негізінде Сарыадыр көмір разрезінде «Қазақстан» тәжірибелік-эксперименттік газ-көмір химиясы кешенін құрды. Кешен көмір өнімдерін шығаратын жаңа технологияларды апробациялауға арналған.
Технологияны отандық ғалымдар әзірлеп шығарған және ҚР бірнеше патентімен және Еуразиялық патентпен қорғалған. Шағын зауыттың химиялық аппараттары мен жабдықтары қазақстандық «ПАМЖЗ» АҚ зауытында шығарылған және сапа сертификатына ие. Монтаждау, іске қосу және жөндеу жұмыстарын да қазақстандық кәсіпорындар жүргізеді. Бұл біздің отандық ғалымдар мен мамандардың жоғарғы кәсібилігін, сонымен қатар бизнес қызығушылығының жоғары екенін растайды», — деді Ермағамбет.
Бұған дейін ішкі нарыққа 59,8 млн тонна көмір жөнелтілгендігі туралы ақпарат мәлім болған еді.