Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанды асыраушылар: Ең көп салықты қандай компаниялар төлейді?

Қазақстанды асыраушылар: Ең көп салықты қандай компаниялар төлейді?

2015 жылы салық төлейтін ең ірі 30 компания мемлекет қазынасын 2,09 трлн теңгеге толтырды. Бұл 2014 жылғы нәтижемен салыстырғанда 45%-ға аз (2014 жылы төленген салық - 3,78 трлн теңге) және ҚР Үкіметі бекіткен 300-ге жуық салық төлеуші компаниялар төлемінің 73,1%-ын құрайды.  

Мемлекет бюджетін толтыруда бұрынғыдай мұнай секторы көш бастап тұр. Мұнай саласының үлесі - 83,61% немесе барлық төленген қаржының 1,75 трлн теңгесін құрайды. Ал телекоммуникация саласындағы ірі ойыншылар бюджетке 102 млрд теңге, өндіріс және табак өнімдерін сатушы кәсіпорындар 98,4 млрд теңге салық төледі. Ең ірі екі банк пен БЖЗҚ мемлекетке 59,3 млрд теңге (2,83%) салық төледі.

Kursiv Research агенттігі 2015 жылы бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жасаған ең ірі 30 ұйымның атын атады.

Салық төлеу бойынша "Теңізшевройл" ЖШС алдыңғы орында тұр. Компания 2015 жылы мемелкет қазынасын 725 млрд теңгегеге толтырған. Дегенмен бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 53%-ға аз. Компания Теңіз мұнай кен орнында қара алтынды өндіру бойынша концессияға иелік етеді. Жалпы өндірілген қор көлемі шамамен 26 млрд баррелді құрайды. Компания ақпаратына сәйкес, 2015 жылы мұнай шикізаты өндіру 27,16 млн тонна немесе 217 млн баррелге дейін ұлғайған.

2016 жылдың ақпан айында кәсіпорынның баспасөз қызметі 1993-2015 жылдар аралығында 112 млрд доллар көлемінде тікелей қаржылық төлем жасалғанын мәлімдеді. Бұған қызметкерлердің жалақысы, тауарларды сатып алу және тасымалдаушылар мен тауар өндірушілердің қызмет құны, мемлекеттік кәсіпорындарға жасалған төлемдер, дивидендтер кіреді. 2015 жылы мемлекетке жасалған тікелей төлем 8,2 млрд долларды құрады. Ал 2014 жылы бұл сома 14,7 млрд доллар болған.

Екінші орында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) - еліміздің ең ірі газ конденсаты кен орнын дамытып отырған консорциум.

Компания 2015 жылы бюджетке 263 млрд теңге салық төлеген. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 31% аз. Оператордың негізгі қызметі - Қарашығанақ кен орнынан өтетін газ және мұнай шикізатын өндіру. 2015 жылы компания мұнай эквиваленті бойынша 141,7 млн баррель сұйық көмірсутегі мен тазартылған және тазартылмаған газ отынды газ өндірді.

Үшінші орында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ. Негізі өндіріс нысандары Қаламқас және Жетібай. 2015 жылы төленген салықтың жалпы сомасы 56%-ға немесе 103 млрд теңгеге дейін төмендеген. Қаржылық есепке сәйкес, 2015 жылы компанияның табысы екі есеге қысқарып, 62,202 млн теңгені құрады. Ал 2014 жылғы табыс 135,20 млн теңге болған.

Ал "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 39 орыннан төртінші орынға бірақ көтерілді. 2015 жылы ұйым мемлекетке  87 млрд теңге салық төлеген. 2014 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 13,15 млрд теңгені құрады. Осылайша ҚМГ БӨ 2014 жылы 47 млрд теңге табыс тапса, 2015 жылы табыс көлемі 244 млрд теңгеге жетті. Есепке сәйкес, түсім көлемінің артуы компания шығындарының азаюымен (37,02%) және валюта активерінің қайта бағалануымен байланысты.

«BRB Invest» ЖШС директоры Ғалым Құсайыновтың сөзінше салық төлемі бойынша өсім нәтижесін көрсетен жалғыз компания да осы  - ҚМГ БӨ. Алайда сарапшының сөзінше, компанияның мұндай өсім көрсетуінің себебі ҚМГ БӨ мұнай өндірумен айналыспайтын холдинг еебіндегі компания. "Қаржылық есепке сәйкес, ҚМГ БӨ-нің еке шотында шетел валютасында сақталған қаражат болған. Бұл курстық айырмашылық байланысты 706 млрд теңге көлемінде табыс табуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде мұнай бағасының арзадануынан табыс көлемі қысқарған жоқ. Егер курстық айырмашылыққа байланысты түскен пайданы шегеретін болсақ, компания керісінше шығынға ұшыраған деуге болады", - дейді ол.

Ал бесінші орында - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ. Компания төлем көлемін қысқартқанына қарамастан 2014 жылғы деңгейді сақтап қалды. Компания Ақтөбе облысының шекарасында орналасқан, мұнай және газ салалары бойынша жұмыс істейді. Салық және басқа да төлемер бойынша бюджетке түскен сома 77 млрд теңгені құрап, 60,81%-ға төмен болды. 2015 жылғы салық төлемдерінің күрт төмендеуі компанияның 299 млрд теңге көлемінде шығын шегуімен байланысты.

Ары қарай негізгі салық төлеуші компаниялар тізімін «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорны", «Өзенмұнайгаз»  және «Эмбамұнайгаз» толықтырады. Бұл компаниялардың да негізгі жұмысы мұнай шикізты және газ өнімдерімен байланысты. Аталған компаниялар 2015 жылы бюджетке 69,94 млрд тңнге, 69,53 млрд теңге және 61,22 млрд теңге салық төлеген.

Мұнай секторындағы ірі компаниялардан кейін бюджетке салық төлеген ірі компаниялардың бірі - табак өнімдерін сататын және өндіретін «Филип Моррис Қазақстан» мен «Джей Ти Ай Қазақстан». Ірі 30 компанияның ішінде бұл компаниялар жалпы салық төлемін 2015 жылы 2,36%-дан 4,70%-ға арттырған.

Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор компани ретінде танылған «Филип Моррис Қазақстан» 2015 жылдың нәтижесі бойынша қазынаны 48,51 млрд теңгеге толтырған. Осылайша аталған компания 14 орыннан 10 орынға дейін көтерілді.

Сондай-ақ, салық төлеген ең ірі 30 компаниянық қатарында телекоммуникация саласында жұмыс істеп келе жатқан «КаР-Тел» ЖШС мен «Кселл» АҚ бар. Олар 34,90 млрд және 34,45 млрд теңге көлемінде салқ төледі. Рейтинг бойынша 14, 15 орында. Ал "Қазақтелеком" компаниясы 17 орынға тұрақтады. Төленген салық сомасы - 33,01 млрд теңге.

Ал банк саласында отыздыққа «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (20 орын) енді. Қаржы институты ҚР бюджетіне 26,32 млрд теңге көлемінде салық төледі. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары. Сондай-ақ, банк 2014 жылы 25,27 млрд теңге салық төлеп, 29 орынды иеленген болатын. Бұдан бөлек "Қазкоммерцбанк"АҚ мемлекет қазынасын 16,88 млрд теңгеге толтырып, 27 орынға тұрақтады.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ болса 2015 жылдың қорытындысы бойынша өз позициясын 62 орыннан 29 орынға дейін жоғарылатты. Қор 16 млрд теңге көлемінде бюджетке салық төледі. Бұл 2014 жылғы нәтижемен салыстырғанда 87,68%-ға жоғары. Компания есебіне сәйкес, таза түсім 27,63 млрд теңгені құрады Компания табысы комиссия сыйақысының өсуінен, зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің көбеюінен және шетел валюталарын қайта бағалау есебінен артқан.

Похожие материалы