Қазақстандық Автобизнес Ассоциациясы жариялаған 2014 жылдың қорытындысы бойынша, өткен жылы жаңа жеңіл және коммерциялық көліктердің сатылым көлемі 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермепті: бір жыл ішінде 150 601 көлік сатылған, ал 2009 жылмен салыстырғанда көлем тұрғысынан 1%-ға төмендеп, қаржылай сомасы бойынша 2% түсіп, 3 596,7 млн долларды құраған.
Құжат бойынша, жеңіл көлік сегменті халық арасында танымалдылыққа ие екен. Осы бағытта орта класс арқасында сатылым көлемінің 8%-ға көбейгенін көруге болады. Ал жол талғамайтын көліктердың сатылуы керісінше 10,51%-ға түскен.үлесі жөнінен келесі брендтер ондығы алда тұр: Hyundai, Kia, Geely, Chevrolet, Peugeot, Renault, Volkswagen, FAW, DAF, Toyota.
Көлік ең көп сатылған аймақтар: Екібастаұз (+83%), Рудный (+46%), Құлсары (+40%).
Өткен жылы қазақстандық нарықта ресейлік өнімдер басымдылыққа ие болды. Қазақстандық Автобизнес Ассоциациясының мәліметі бойынша, қаңтар-қазан айларында олардың үлесі 55,8%-ды құраған. Екінші орында 22 пайызбен отандық өндірушілер тұр. Ал үштікті өзбек автоөндірісі аяқтайды. Аталған мерзім аралығында көршілеріміз 9 мың көлік сатып, қазақстандық нарықтың 7%-ына ие болған.
2014 жылдың басында Қазақстан Daewoo Nexia, Daewoo Matiz тәрізді маркалардың машиналарын сатуға тыйым салған еді. Мемлекет мұны күшіне енген техникалық байқаудағы жаңа өзгерістемен түсіндірді. Өз кезегінде, жергілікті нарықтағы үлесінен айырылып қалмау үшін UzDaewoo барлық нормаларға сай келетін, жаңа модельдерін ұсынған еді. Айта кетейік, үлкен салықтарға байланысты қазақстандық өндірушілер үшін өзбек нарығы әлі де жабық болып отыр. Елге келетін автомобильдердің импортына тосқауыл қою арқылы Ташкент үкіметі жергілікті кәсіпкерлерді қолдап отыр. Әрі көрші елдің экономикалық әл-ауқатын салыстырғанда, олар үшін қазақстандық өнімдер өте қымбат болып есептеледі.
Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, отандық көліктердің дамуына кедергі болып тұрған негізгі кедергі – автокомпонентті өндірістің мен сынақ жүргізетін базалардың жоқтығы. Автоөндірушілер өзіндік құрастырмалы базаның құрылуына аса көңіл бөлулері қажет. Министрлік КazNexInvest атты эспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік арқылы әлемдік автокомпонент өндірушілерін Қазақстан нарығына тарту үшін барынша қолдау көрсетуде.
Отандық автоөндіріс бәсекесі
Қаңтар айында өткен жиылыс кезінде «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов қазақстандық автодиллерлер машиналарды өздеріне шығын келтіре отырып, сатып жатқандарын мәлімдеді. Оның сөзінше, рубль құнсыздануынан соңғы екі айда Қазақстанға Ресейден 40 мың көлік келген. «Отандық автодиллерлер кейбір активтерін сатып, қосымша қор тауып, бәсекеге қабілетті болуға тырысуда. Бірақ, алдағы уақытта Ресейде де баға дәл біздікімен бірдей болады деп ойлаймын», - деді «Астана Моторс» басшысы.
«За рулем Қазақстан» журналының бас редакторы Алексей Алексеев алдағы уақытта ресейлік көліктер бағасы 15-20 пайызға қымбаттай түседі деп есептейді. «Қазақстандық диллерлер автомобиль бағасын 35 мың доллардан 10 мың долларға дейін түсіріп, үлкен тәуекелге барды. Енді отандық автонарық 2015 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына қарай қайта қалпына келе алуы мүмкін», - дейді ол.
Тәуелсіз автомобиль одағының басшысы Эдуард Эдоков Tengri FM радиостанциясына берген сұхбатында 2015 жылы отандық автоөндірістен жаңа тенденциялар күтпеу керек деп мәлімдеді. Оның сөзінше, елдегі жалпы экономикалық жағдай, мұнай бағасының түсуі-барлығы да ықпал етуі мүмкін. Сатылым көрсеткіші бұл жылы төмен болы мүмкін деп есептейді.
Айта кетейік, жаңа жылдан бастап КО елдеріне автомобиль кіргізу процессі оңтайландырылды. Қосымша салық ҚҚС немесе қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көліктерге салынға акциздер алынып тасталды. Сондай-ақ, транспорт құралдарына ортақ паспорт енгізіледі. Сарапшылардай айтуынша, жаңа өзгерістерден кейін Ресейден Қазақстан нарығына қол жетімді бағамен үлкен көлемдегі көліктер келуі мүмкін.
Туннель соңындағы жарық
Қазақстандық Автобизнес Асоциациясы (ҚБА) 2015 жылы отандық автонарықта орныққан баланс өзгеріске ұшырауы мүмкін деген болжам жасады. Себебі, Ресейде елімізге импортталатын кейбір «шетелдік машиналар» өндірісі жұмысын тоқтатуы мүмкін. Ford, «ПСМА Рус» және мәскеулік Renault зауыттарындағы құрастыру тоқтатылған. ҚБА-ның мәліметінше, калининградтық «Автотор» алпауыты және Санкт-Петербургтегі GM зауыты өндірісіне шектеу қойылады. Бұл уақытта Қазақстандық нарық та шайқалады, алайда отандық өндірушіле үшін ішкі тұтыну сферасындағы үлестің басым бөлігін жаулап алу мүмкіндігі туады.
Жақында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отандық автоөндірушілерді қолдау үшін 20 миллиард теңге бөлінетіндігін мәлімдеген болатын. Оның түсіндіруінше, осы қаржы арқылы үкімет ішкі автонарықтың балансын сақтап, отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түспек. Осыған дейін де, «Астана Моторс» компаниясының басшысы Н.Смағұлов қазақстандық автобизнеске мемлекеттен қолдау сұраған еді. Отандық автотранспортты сатып алу үшін заңды тұлғаларға субсидия бөлу, автокөліктерді утилизациялау және транспорт құралдарын мемлекеттік сатып алулар жөніндегі процесстерді жеңілдету керек. Смағұловтың сөзіне қарағанда, мемлекеттік қолдау көрсетілсе, қазақстандық автонарық өкілдері баға және шарт жөнінен ресейлік өндірушілермен тең түсе алады және бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.
Дайындаған Ақсәуле Әбітай "7"