Экономика
Қазақстандық екі банк лицензияларынан айырылды
"Темірбанк" АҚ-на банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензиялардың күші жойылды деп хабарлайды Kapital.kz.
2015 жылдың 7 тамызында шыққан № 348 бұйрыққа ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары қол қойды.
Сонымен бірге, «ABC Bank» (бұрынғы ForteBank) АҚ-на берілген лицензия басқа бұйрықпен банктік және басқа да операциялар жасау құқығынан айырылды.
2015 жылдың 1 қаңтарында «Альянс Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ және «ForteBank» АҚ біріккен болатын. 2015 жылдың 10 ақпанынан бастап «Альянс Банк» АҚ атауы «ForteBank» АҚ деп өзгертілді.
Ағымдағы жылдың 1 мамыры күнгі жағдай бойынша, «ForteBank» АҚ орналастырылған акциялардың 5 пайыздан артығының иесі - Өтемұратов Болат Жәмитұлы. Ол Банктің жалпы орналастырылған қарапайым ацияларының 82,38 пайызына ие. Оның ішінде 74,89 пайызы қарапайым акция кейпінде және 7,49 пайызы жаһандық депозитарлық қолхат түрінде берілген. Банктің қарапайым акциялары бұның базалық активтері саналады.