Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық кәсіпкерлердің арыз жіберуі жиіледі

Қазақстандық кәсіпкерлердің арыз жіберуі жиіледі

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкелер палатасына 2015 жылдың басынан бері кәсіпкерлерден 3,5 мың арыз түскен. Ал 2014 жылы бұл көрстекіш 3,3 мың болған, деп хабарлайды LS.

Жалпы арыздардың көлемі 16,7%-ды құрады. Келіспеушіліктер көбіне жерге қатысты салада, архитектура және құрылыс саласында туындауда. Осы сегмент бойынша әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкер арыз түсіреді.

Сондай-ақ, мәселелер салық жүйесі (жыл басынан бері 14%-ды құрады), мемлекттік сатып алулар (11%), қаржы секторы (6%), тасымалдау мәселелері, лисцензиялау жұмыстарына қатысты туындаған.

ҰКП-ның мәліметі бойынша жыл басында ең көп арыз Шығыс Қазақстан облысынан (355) түскен.

Сондай-ақ, арыздар Алматы (341), Астана (269) қалалаларынан, Ақмола (259), Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай қалаларының аймақтық кәсіпкерлер палатасынан жіберілді.

ҰКП осы бизнес бағытын сақтап қалу бойынша, түскен арыздардың 41пайызы шешілгенін атап өтті.

Похожие материалы