Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық сүт фермасы инвесторлардан 10,4 млн доллар алды

Қазақстандық сүт фермасы инвесторлардан 10,4 млн доллар алды

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан-венгерлік тікелей инвестициялар қоры Ақмола облысындағы сүт өнімдері фермасын 10,4 млн доллармен қаржыландырды, деп хабарлады «ҚазАгро» холдингі.

Қаражат 1,5 мың сиыр өнімі бар шаруашылықты толығымен жабдықтауға және 1,5 мың сиыры бар жаңа сүт-тауар өндірісін салуға жұмсалады. Осылайша, малдың санын 580-нен 3 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Жобада қазақстандық және венгерлік тараптардың қаражаты тартылады. Оның ішінде Венгрия экспорт-импорт банкі 4,66 млн доллар жіберді, ал «ҚазАгро» холдингі де соған сәйкес қаражатпен қамтамасыз етті. Қордың ADM Capital жетекші компаниясы қосымша 94,2 мың доллар жіберді. Қазақстандық инвестор да 1 млн доллар жемшөп түрінде берген», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстан-венгерлік жеке меншік капитал қорын «ҚазАгро» холдингі мен HungarianExport-ImportBank (Венгрия Эксимбанкі) бірлесіп құрған. Оның мақсаты - Қазақстанда ауыл шаруашылық жобаларын қаржыландыру.

Похожие материалы