Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық шенеуніктерге отандық көліктер сатып алынды

Қазақстандық шенеуніктерге отандық көліктер сатып алынды

Қазақстандық шенеуніктер отандық өндірістегі 349 көлікке ие болды. Бұл туралы Астанадағы брифингте қаржы министрлігіндегі мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы Мақсұт Исахов мәлімдеді.

"Осы жылдың басынан бері біз жергілікті және орталық мемлекеттік органдар үшін жеңіл көліктер сатып алып жатырмыз. Бірінші жартыжылдықта 349 көлік сатып алу үшін 67 конкурс өткіздік. Барлығы да өскемендік және қостанайлық зауыттарда өндірілген",-деп түсіндірді шенеунік. Оның атап өтуінше, үкімет қаулысы мемлекеттік кәсіпорындар үшін отандық өнімдер сатып алуға мүмкіндік береді. Осы арада, Қазақстандық автобизнес ассоциациясының (ҚАБА) мәліметінше, қазақстандық көліктердің ресми сатылымы 43 пайызға түскен. Жыл басынан бері ресми дилерлер 9081 машина сатқан. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 42,79% аз.

Похожие материалы