Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 10 миллиард теңге сомасына жеңілдетілген автонесиелер алды

Қазақстандықтар 10 миллиард теңге сомасына жеңілдетілген автонесиелер алды

Жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы бастау алғаннан бері Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 3366 өтінімді мақұлдады деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Банк деректеріне сүйенсек, 16 маусымдағы жағдай бойынша Халық банк ең көп өтінімді растаған - 937, содан соң Еуразиялық банк - 878, Сбербанк - 590, ЦентрКредит банкі - 502. Өтінімдердің ең аз саны ForteBank (256) пен АТФ банк (87) еншісінде. Айта кетілік жайт, мақұлдау мерзімі өтінім келіп түскен күннен бастап бір күн мен үш күн аралығын қамтиды. Борышкерлерге Қазақстанда жиналған Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai, SsangYong, Peugeot автокөліктерінің 55 моделі - жеңіл автокөліктер, сонымен қатар жол талғамайтын көліктер мен кроссверлер ұсынылады. ҚДБ - осы бағдарламаның операторы. Бұған дейін жазғанымыздай, жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы 2015 жылдың 20 сәуірінде баталды. Осы бағдарлама аясында Ұлттық қордан 15 млрд теңге бөлінді.  

Похожие материалы