Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - Республиканың 6 аймағында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жеңілдікпен ипотека беру басталды. Бұл туралы инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Бұл бағдарламаға Ұлттық қордан 10 млрд теңге бөлінген. Жоба Астана, Алматы, ШҚО, Маңғыстау, БҚО, Ақмола облыстарында жүзеге асады. Оған 7 банк қатысуға дайын:
- Сбербанк
- АТФ банкі
- ЦентрКредит банкі
- BankRBK
- Тенгри банк
- Цеснабанк
- Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі
Олардың ішінде 4 қаржы институты 30 млрд теңгеге 2 мың несие беруді жоспарлап отыр.
Салымшылардан келген 17 жоба несиелендіру үшін қарастырылып жатыр (53,6 млрд теңге).
Жоспар бойынш, 2018-2019 жылдары 282 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.
Айта кетейік, алдағы 15 жылда Қазақстанда төменгі пайызбен 8 мың ипотекалық несие беріледі.