Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар қайда көшіп жатыр?

Қазақстандықтар қайда көшіп жатыр?

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы еліміздің 30 мыңға жуық азаматы тұрақты түрде өмір сүру үшін сыртқа кеткен. Қазақстандықтарды ең көп қабылдаған – Ресей, 12 ай ішінде көрші елде 26,4 мың тұрғынды қабылдаған. Бірақ 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 пайызға азайды.

Ал Германияға өткен жылы 2 мың адам көшіп кетті. Қазақстандықтар жиі көшкен елі – Канада, өткен жылмен салыстырғанда кеткен қазақстандықтар саны 34 пайызға көбейді.

Ал Қазақстанда өмір сүру үшін 2016 жылы 197 мың адам келді. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға азайды.

Ресейден елімізге 63,7 мың адам көшіп келді, 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,2 пайызға азайды.

Өзбекстаннан Қазақстанға 53,9 мың адам келді, олардың ішінде оралмандар – 25,1 мың адам. Өткен жылдан қарағанда елімізге келген өзбекстандықтар саны 11 пайызға, 21,3 пайызға қысқарды.

Похожие материалы