Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар қанша ет жейді?

Қазақстандықтар қанша ет жейді?

Әрбір қазақстандық орташа есеппен 60 келіден астам ет жейді. Қазақстанның ет одағының мәліметі бойынша, ет өнімдерін есептемегеннің өзінде елімізде бір ғана тұрын жылына 63,2 келі таза ет тұтынады.

Ең танымал түрі – сиыр еті (25,3 келі). Дегенмен Қазақстандықтар ет жеуден Беларусь басып озды. Олардың жылдық нормасы – 72 келі. Ал ресейліктер бізбен салыстырғанда 2,9 келі аз яғни жылына 60,3 келі ет тұтынады. Өзбекстана жылына 25,8 келі, Тәжікстанда 12,6 келі ет желінеді. Жылдық орташа көрсеткіші – 43,4 келі ет.

Похожие материалы