2016 жылы қазақстан компаниялары спорт, демалыс және көңіл көтеру саласы бойынша, 143,2 млрд теңге табыс тапты.
Оның ішінде, спорт клубтар 25,1 млрд теңге, спорттық нысандар - 12,1 млрд теңге және фитнес клубтар - 6,6 млрд теңге пайда түсірген. Қалған басқа да спортық ұйымдарға келген түсім көлемі 48,1млрд теңгені құрады. Ал демалыс және көңіл көтеру саласындағы компаниялар табысы 2016 жылы 39,5 млрд теңге болған.
Ақпараттық қызметтер 70,2 млрд теңге кіріс әкелді. мәлемттерді жариялау және өңдеудің өзінен 49 млрд теңге қаржы түскен. Ал басқа ақпараттық агенттіктердің табысы 12,1 млрде теңге болса, веб-порталдардікі - 5 млрд теңгені құрады.
Телерадио хабар тарату орындары 2016 жылы 63,8 млрд теңге табыс тапқан. Оның ішінде, 61,8 млрд теңге телебағдарламалар трансляциясынан келсе, 2 млрд теңгесі радиостанцияларған түскен пайда.
Баспа ісі қазақстандық компанияларға 52,5 млрд теңге кіріс әкелді. Өткен жылы газет басып шығарудан - 19,2 млрд теңге, кітап саласында- 12,2 млрд теңге, ал журналдар шығарудан - 6,1 млрд теңге пайда тапқан.
Одан бөлек, кітапханалар, мұражайлар мен архивтерден түскен табыс - 40,2 млрд теңге. Оның ішінде кітапханалар, оқу залдары және лекториялардың пайдасы 16,5 млрд теңге, ал мұражайлардікі - 7,1 млрд теңге.
Өнер саласы 31 млрд теңге қаржыға ие болған. Қазақстандық театрлар 2016 жылы 14,2 млрд теңге, ал концерт саласы 12,1 млрд теңге табыс тапқан.
Кино саласы өз кезегінде 29,2 млрд теңге пайда тапты. Оның 12,8 млрд теңгесі кинофильмдер көрсетілімінен, 12,6 млрд теңгесі - кинофильмдер, видеофильмдер және телебағдарламалар жасаудан түскен.
Ал құмар ойын орталықтары мен букмекер конторалары бір жылда 21,9 млрд теңге түсім түсірген.