Қазақстандықтар ұялы телефон арқылы сөйлесу мен СМС жолдауға айына шамамен 2 мың теңге жұмсайды екен. Мұндай мәліметтер Media Relations Group агенттігінің Қазақстандағы ұялы байланысқа қатысты өткізген зерттеу нәтижелерінен белгілі болды.
Анализ кабинеттік зерттеу және телефонды сауалнама әдістері арқылы жүргізілді, қатысқан адамдардың саны - 1645 қазақстандық. Осылайша, сұралғандардың 73%-ы дыбыстық байланыс пен СМС-ке кететін шығындары 2 мың теңгеден аспайтындығын хабарлады, қатысушылардың 39%-ы айына көп дегенде 1 мың теңге жұмсайды екен. Осы мақсаттарға айына 5 мың теңгеден артық жұмсайтындардың үлесі - 2%, көп дегенде 3 мың шығындайтындар - 18%, 3 мың мен 5 мың теңге аралығындағы қаражатты жұмсайтындардың үлесі - 7%.
Жақсысын салыстырсаң білесің
Сұралғандардың 17%-ы Қазақстанда мобильдік нөмірлердің ауысымдылығы (MNP — mobile number portability) енгізілгеннен кейін опреторларын ауыстыруға оқталып отыр. Респонденттердің 33% операторды алмастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, олардың соңғы шешімдері операторлардың тарифтік саясаттарына байланысты болады. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы бұрынғы опреаторларына "адал" болып қалатындықтарын білдірді.
Операторды ауыстыру кезінде Қазақстан халқы үшін шешуші фактор, ең алдымен, ұялы байланыстың жоғары тарифтері мен мобильді интернет болмақ - мұны сұралғандардың 31% белгілеген.
Респонденттердің 19%-ы басқа операторға көшудің себебі ретінде дыбыстық байланыс пен мобильді интернеттің төмен сапасы болуы мүмкін, ал сауалнамаға қатысқан адамдардың 9%-ы сервистің сапасы төмен болса, операторды ауыстыруға дайын екен.
Жинақтап алғанда операторды ауыстыру үшін респонденттердің 41%-ы үшін осы факторлар жеткілікті себеп.
Бұл ретте айта кететін жайт: зерттеу өткізілгенге дейін қатысушылардың жартысынан көбі (66%) MNP қызметі жақын арада жұмыс істеп бастайтындығы туралы білмеген.
Ғаламторсыз өмір тұл
Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, мобильді интернеттің пайдаланатын респонденттердің 47-ы айына көп дегенде 1Гб жұмсайды екен. Ай сайын артық дегенде 3 Гб интернет-трафикті шығындайтындардың қарасы - 34%, респонденттердің тек 4%-ы ай сайын 6Гб межеден асып түседі екен.
Трафик көлемі минималды интернет-пакеттеріне талдау жүргізіліп, бұл сегментте ұялы байланыс операторларының қызметтерінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ екендігі анықталды.
Tele2 азғантай артықшылыққа ие - Beeline-мен салыстырғанда интернет-трафиктің бірдей көлемі үшін баға 2 теңгеге төмен.
Салыстырмалы анализге Altel-дің мобильді интернет қызметтері қосылмады, себебі ол 4G-ге қол жетімділікті ұсынатын жалғыз компания.
Тұрақты талғам
Қазақстандықтардың көбісі ұялы байланыс операторларына деген талғамдары бір қалыпты екен. Респонденттердің 42%-ы қазіргі операторларын үш жылдан артық мерзім пайдалапын келеді, быр жылдан аз пайдаланып келе жатқандар - 23%, үш жылдан аспайтын мерзім қолданып жатқандардың үлесі - 35%.
Смартфондардың кең тарап жатқандығына қарамастан, респонденттердің бірталай бөлігі (43%) түймелі (кнопкалы) телефондарды пайдаланады. Қызықты жайт, осындай телефондар иегерлерінің ішінде әйелдер басым — сауалнамаға қатысқан нәзік жандылардың 49%. Ерлер арасында мұндай телефондарды қолданатындардың үлесі - 32%.
Агенттік ай сайынғы абоненттік төлемдері 1 мың теңгеге жақын байланыс операторларының тарифтеріне талдау жүргізді. Қызметтер көлемі және баға бойынша Altel мен Tele2 көш басында, сонымен қатар олар бәсекелестеріне қарағанда өзге операторларға тегін қоңырау шалу мүмкіндігін ұсынады.
Қатысушылардың көбісі (37%) Beeline қызметтерін артық көреді, Activ-ті пайдаланатындар да аз емес (34%). Бұлардан кейін Kcell (15%) мен Тele2 (11%). Тізімді аяқтап отырған Аltel — 3%.