Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ететін қандай банктер?

Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ететін қандай банктер?

2016 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердегі ипотекалық кредиттің көлемі 1,01 трлн теңгені құрады. Ұлттық банктің мәліметінше, өсім 16,33%-ды құрап, соңғы 3 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болған. Алайда бұл 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 4,39%-ға төмен. Ал сарапшылар болса нарықта стагнация қалыптасқанын, өсім тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен мемлекеттік бағдарламаларда ғана байқалатынын айтады.

Банктердің кредиттік портфеліндегі ипотекалық кредиттің үлесі 6,4–7,8% деңгейінде құбылмалы болған. Бұдан бөлек ипотекалық кредиттің өсімі (7,8%) 2015 жылдың тамыз-қыркүйек айында байқалған. Ал ең аз көлем 2016 жылдың тамыз-қыркүйек айларына тиесілі. Қазақстанда кредиттік порфелі тек ипотекадан тұратын банк ТҮҚЖБ екені белгілі. Ал егер банк портельдеріндегі ТҮҚЖБ-ның ипотекалық үлесін шегерсе көрсеткіш мүлде төмен.

S&P Ratings агенттігінің сарапшысы Аннет Эсстің пікірінше, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде ипотекалық кредиттің алатын үлесі көп емес.

"Көптеген орта және кішігірім банктер мүлде ипотекалық кредитті ұсынбайды. Олар үшін жылжымайтын мүлікті кепілге алып, жоғарғы мөлшерлемемен тұтынушылық кредит берген тиімді", - дейді сарапшы.

Fitch Ratings агенттігі қаржы ұйымы бөлімінің директоры Роман Корнев те Қазақстандағы банктердің портфелінде ипотекалық кредиттің үлесі аз екенін айтады.

«Соңғы кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда басқа банктер ипотекалық тәуекелдерді азайтты», – деп түсіндіреді Корнев.

Ал Homsters.kz онлайн-қызметінің жетекшісі Олеся Мельникова болса банктер ипотекаға несие беру шарттарын қатаңдатқалы бері, ипотекаға үй алу азая бастағанын айтады. "Біріншіден, көптеген банктерде алғашқы жарна 20-30%-ды құрайды. Екіншіден олар кірісті ресми нақтылауды талап етеді. Үшіншіден, ипотека пайыздары жоғары. Ал мұндай көрсеткішке бәрінің шамасы келе бермейді", - дейді  Мельникова.

Қазіргі кезде Қазақстанның банк жүйесінде ипотекалық кредит беретін 18 қаржы институты бар. 2016 жылдың нәтижесі бойынша тұрғын үй несиесінің ең көп үлесі (298,26 млрд теңге немесе нарықтың 29,53%-ы) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на тиесілі. Себебі ТҮҚЖБ Қазақстандағы тұрғын үй кредиттерін беру, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын бірден бір банк. Банктің жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі. Компанияның мәліметінше, банкпен 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, тұрғын үй жинағы бойынша 2,79 тлрн теңгеге 1,13 млн келісім жасалған. 2013 жылы банктің кредиттік портфелі  149,05 млрд теңгені, 2014 жылы 203,79 млрд теңгені, 2015 жылы 279,50 млрд теңгені құраса, ал 2016 жылдың 9 айында 300,877 млрд теңгеге жуықтаған.

Ипотекалық кредит үлесі бойынша екінші орында  - Халық банк. Банк 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 191,76 млрд теңгеге кредит берді. Бұл тұрғын үй нарығындағы кредиттің 18,99%-ын құрайды.

Банк ЦентрКредит 14,83% үлеспен үшінші орында. Банк өткен жылдың 9 айында 149,74 млрд теңгеге ипотекалық кредит берген. ForteBank қазақстандықтарға 103,67 млрд теңгеге кредит берсе, «Сбербанк» АҚ-дан берілген ипотекалық кредит – 76,95 млрд теңге.

Ал нарыққа қатысушы басқа қаржы институттарының үлесі 0,04-6,44% деңгейінде.

S&P Ratings сарапшысының сөзінше, ипотекалық кредит нарығы теңгедегі пайыздардың жоғары болуы мен шетелдік валютадағы қауіптердің басым болуына байланысты баяу дами береді. «Теңгедегі ипотекалық кредиттің мөлшерлемесі жоғары, ал доллармен несие беруде қауіп мол. Сондықтан банктер доллармен кірісі жоқ тұлғаларға шетелдік валютада қарыз бермейді. Ал тұрғын үй сатылымы қолма-қол төлем арқылы жүзеге асырыла береді", - дейді Аннет Эсс.

Fitch Ratings агенттігінің сарапшылары болса аталған кредит нарығы "Нұрлы жер"в сынды бағдарламалар іске қосылған жағдайда қайта жандануы мүмкін дегенді айтады.

Дереккөз: kursiv.kz

Похожие материалы