Жеке тұлғалардың Қазақстан, Беларусь және Ресей бойынша трансшекаралық ақша аударымдарының жалпы айналымы 104,2 млрд долларды қамтыды деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) статистика департаменті.
Бұл ретте осы елдердің ақша аударымдары 80,7 млрд доллар болды, бұл келіп түскен ақша аударымдарынан 3,4 есе артық.
Қазақстаннан өзге елдерге жасалған ақша аударыдарының көлемі 11,3 млрд доллар болды: оның 18%-ы Ресей мен Белоруссияға жіберіледі, 82%-ы - басқа елдерге. Бұл ретте өзге елдерден Қазақстанға 3,7 млрд доллар аударылған, осы соманың 15%-ы - Беларусь пен Ресейден.
Өз кезегінде өткен жылы Ресейден шетелге 68,9 млрд доллар аударылған. Соның тек 1%-ы Беларусь пен Қазақстанға аударалыпты. 2014 жылы Ресейге 19,2 млрд доллар аударылған, осы көлемнің 8%-ы - Беларуь пен Қазақстаннан.
Есептік кезеңде Беларусь елінен 0,5 млрд доллар жіберілген. Көрсетілген соманың 48%-ы Қазақстан мен Ресейге аударылыпты.