Познавательный
Қазақстанның автоделдалдары ЕЭО аясында ортақ бағаға қол жеткізпекші
Қазақстанның автоделдалдары ЕЭО аясында ортақ бағаға қол жеткізпекші деп хабарлады "Астана Моторс" президенті Нұрлан Смағұлов.
"Әрбір елдің өндірушілері өзінің баға позициясын ұстануға құқылы. Яғни, РФ бір баға, бір валюта, ал Қазақстанда өзге баға, өзге валюта. Бұл дұрыс емес. Барлығын бірлікке келтіру үшін біз өзге де өндірушілермен сөйлесіп жатырмыз", - деді ол жұма күні Алматыда өткен баспасөз конференциясында.
Қазақстанда автомобиьлге қатысты баға саясаты автоделдалдарға емес, өндіруші заводтарға байланысты, деді Н.Смағұлов.
"Біз қазақстандық бағаның төмендегенін қалаймыз, бұл ең алдымен автомобиль өндірушілерге қатысты. Олар Қазақстан, Ресей және Белоруссия ортақ экономиалық одақ, ортақ экономикалық аймақ екенін сезінуі тиіс. Сондықтан бұл жерде әртүрлі бағамен сатылым жүргізуге болмайды", - деп атап өтті "Астана Моторс" президенті.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ аясында автомобильдердің біркелкі бағасын белгілеу туралы келіссөздер жүріп жатыр.
"Менің ойымша, алдағы уақытта Қазақстан, Ресей және Белоруссиядағы баға бірдей болуына қол жеткіземіз", - деп сөзін қорытындылады Н.Смағұлов.