Алматы. 25 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы білім беру ұййымдарының кірісі 441,8 млн теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
Бұл көрсеткіш бір жылда 8,8%-ға өсті. Табыстың 81,3%-ы бюджеттік қаражаттан, 16,3%-ы халықтан, ал 2,4%-ы кәсіпорындардан келді.
Кірістің басым бөлігі негізгі және жалпы орта білім беру салаларынан қамтылды - 180,1 млрд теңге, яғни 40,8%.
I тоқсанда мектепке дейінгі тәрибе беру және оқыту ұйымдары 71,9 млрд теңге (16,3%), жоғарғы оқу орындары 68,9 млрд (15,6%), ал техникумдар мен колледждер 43,2 млрд теңге (9,8%) табыс көрді.