Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі

Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі

Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым – қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастырудың формасы. Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды /арақатынастарын/ объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынстар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге /немесе экономикаға/ айналады. Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал – жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді. Нарық жағдайнда тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз уақытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Ол үшін нарықтық экономиканың неізін осы бастан үйрену, білу қажет. Міне, осы жолмен экономикасы оңды дамыған елдердің тәжірибесіне назар аударатын болсақ, онда нарықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқандығын көреміз. Мәселен, АҚШ – та 1902 жылдан бастап, Коллифорния университетінде нарық туралы дәрістер оқыла бастады. Себебі, сол тұста АҚШ – тың нарық жолына түсуіне 1873 – ші жылдарда басталған экономикалық дағдарыс себепкер болған еді. Америка экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт, Джорджа Федерика және тағы да басқалары “Маркетинг” теориясының негізін, нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айналысты.Қазіргі уақытта АҚШ – та осы мәселемен айналасатын төрт жүзден астам ғылыми – зерттеу институттар мен коммерциялық фирмалар бар. Ағылшын А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғалым деп саналады. Оның еңбегі “Халық байлығы” 1776 жылы жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып – түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талай оқып үйренуде. А.Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің теріс түсінігінше – алтын немесе күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз – еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. А.Смиттің пікірінше, нарықтық экономика – белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.

1. Нарық механизмнің мазмұны мен құрылымы

Нарықтық механизм дегеніміз - нарықтың негізгі элементтері баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстырдың өзара байланыс пен өзара ісі әрекетте болу механизмі.Әрбір экономикалық жүйеге тән: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? сұрақтарын нарықтық экономикада нарық жоғарыдағы төрт элементтің арақатынасымен шешеді. Еліміздің ұлт ерекшілігіне байланысты жалпы ет өніміне сұраныс бар. Осының өзінде сұраныс бірқалыпты болмайды. Себебі ет ет өнімдерін жаз айларында пайдалану төмен болады, ал салқын айларында пайдалану жоғарлайды. Осының салдарынан бағада, сұранымда және ұсынымда бір қалыпты жағдай болмайды. Жаз айларында еттің бағасы төмендейді, себебі сұраным төмен, одан барып, оны өндіру де азаяды. Ал күз, қыс айларында керісінше баға жоғары болады, себебі сұраным бар, ол көп өндіруді талап етіп, ұсынымды өсіреді. Осылай сұраным мен ұсынымның ауытқуы бағаның құннан жоғары-төмен ауытқуына тірейді. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне әсер ететін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады. Бұл бағаның, сұраныстың және ұсыныстың араларындағы қозғалыстар бәсеке арқылы жүріп жатады. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайтуға мүдделі.Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне экеліп соғады да, олар бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады. Бәсеке - нарық механизмінің қажетті элементі, бірақ бәсекенің сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизм еркін немесе жетелеген бәйсек жағдайында, яғни нарықтық жағдай көптеген сатушылар мен сатып сатып алушылардың сатылатын өнімдерді біртектілігімен фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипаттағанда барынша өнімді әрекет етеді. Жетілген бәсеке кезінде сатушылар мен сатыпалушылар мен сатып алушылардың ешқайсысыда нарықтық бағаға әсер ете алмайды. Егер дұрысын айтсақ жетілген бәсеке таза күйінде ешқашанда және еш жерде болған емес. Оны тек ғылыми абстракция ретінде қарау керек, соған қарамай, нарықтық механизімнің қызмет істеуімен негізгі принцптерінің түсуі үшін талдау қажет. Нарықтық құрылымдардың типіне қарамай олардың қарапайым қызмет етуінің қажетті шарттарының экономикалық еркіндік, дербестік, экономикалық қатынастардың субъектілерінің тәуелсіздігі жатады. Экономикалық еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік, еркіндік екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден ресурстар әр түрлі қолдау сфераларын ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігіне тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік нарыққа өзгермелі жағдайларға икемді бейімдеулік және жекелей де жалпы тек тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нарықтық экономика жүйесі, әлеуметтік елдердің экономикалық жүйелерінің бірі бола тұра, оның құрамы әр түрлі болып, ерекшеліктерінің түрлі сипаттамалары болып келуі мүмкін. Оның басты себептері қашанда болмасын, қандайда да ел болмасын нақтылы өмір жүзінде халықтың тұтынуы мен қажеттілігін, ресурстарының барлығы көлемі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді.Сондықтан әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы, басты- қайшылықтың бірі болып келеді. Онымен қатар экономикалық теорияда, қандай да болмасын экономикалық жүйе құрудағы халықаралық тұтынуда -халық мүддесін толық қамту, болып келеді. Және әлеуметтік -экономикалық мүддені, қойған мақсатты толық іске асыру қамтамасыз етілмейді. Сондықтан, (Нарықтан экономика құруда-ең басты мәселе ол -айырбас мәселесі болып келеді. Яғни, экономикада осы мәселе адамның, халықтың тұтынуымен байланысты және де қоғамдык құрылымдармен байланысты. Сондықтан, өнім өндіру тұтынумен қоғамдық деңгейде түгелдей байланысты болумен, айырбас мәселесі нарықты экономикада, оны құрудағы өзгешеліктермен тікелей байланысты.Жалпы алғанда, нарық экономикалық жүйесін құруда, экономикалық іс жүргізуде, айналым - айырбас мәселесі жүйесі, өндірілген өнім айналысын, айырбас қызметімен тікелей байланыстыра құру қажет. Экономика нұсқаларының аса күрделі түрлері -теңдеулер жүйелері негізінде жасалады. Онда нақтылы экономикалық тиімділік, көптеген аргументтердің функциясы: Осы негізде оларды құрып және де нұсқа жасауда басты қойылатын талап кешенді экономикалық талдау, экономикалық есептеу, әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, оның өзгеру - өзгермеу жағдайын салыстыра отырып, экономикалық даму нұсқасын, сонымен қатар, жалпы ел бойынша әлеуметтік - экономикалық даму нұсқасы құрылып, бүкіл елдің халық шаруашылығы, әлеметтік салалардың даму деңгейі нұсқада толығынан анықталады. Осындай экономикалық нұсқаның басты қасиеті, саяси экономикада, яғни, экономикалық теорияда, ғылыми негізделген теория мен методология, ғылыми-практикалық концепция болады. Одан басқа практикалық негіз жоқ екені белгілі. Теориясыз ешқандай нұсқа жасалынбайды. Қорыта айтсақ, макроэкономикалық теорияда практика негізі болады. Нұсқа экономикалық нақтылы тіршілік, өмір жүзінде ғылыми тәжірибелік шындық, әлеуметтік - экономикалық дамуды пайымдайды. Экономика мен саясат байланысты болып келіп, әлемде, тарихта, өмірде біріне-бірі тікелей әсер етеді және әрбір ел бойынша әлемде саяси -экономикалық пікірталас жүйелі түрде жүргізіледі. Ондай пікірталас арасы өте қозғалмалы макроэкономикалық теория бойынша, саясаттың экономикада объективтік ғылыми негіз болады. Аралас экономика нұсқалары макроэкономикалық теорияның ғылыми негізіне айналған. Теориясыз еркін бағалау, негізсіз нұсқалар болуы ықтимал. Аса бір маңызды экономикалық мәселелер, қарапайым фундаменталдық макроэкономикалық нұсқа, сонымен қатар, нарықты экономикалық жүйе нұсқасы және де салыстырмалы түрде алғанда жоспарлы және аралас экономика жұйесінің нұсқасы болып келеді. Нарықтық экономика жүйесі әлеуметтік елдердің экономикалық жүйелерінің бірі бола тұра, оның құрамы әр түрлі сипаттамаларда болып келуі мүмкін. Оның басты себептері қашан да болмасын, қандай да ел болмасын нақтылы өмір жүзінде, халықтың тұтынуы мен қажеттілігін, ресурстарының барлығы көлемі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы басты қайшылықтың бірі болып келеді. Сондыктан, нарықтық экономика жүйесін құрудағы ең басты мәселе, ол - айырбас. Айырбас, экономикада адамның халықаралық тұтынуымен және құрылымымен байланысты. Айырбас мәселесі нарықтық экономикада, оны құрудағы өзгешелігімен тікілей байланысты. Экономика жүйесінде де көптеген кемшіліктер бар екенін, эконономикалық теория негізінде анықтап отыру қажет, нарықтық экономика жүйесінде ұлттық қорғанысты қалыптастыруды, әлеуметтік жағдайды шешуде, ғылым- білім, денсаулық салаларында тағы басқа салаларда көптеген қиындықтар кездеседі. Оның басты себептері қашан да болмасын, қандай да ел болмасын нақтылы өмір жүзінде халықтың тұтынуы мен қажеттілігін ресурстарының барлығы көлемі жағынан да түрлілігі жағынан да толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан, әрдайым қайшылықтар болып тұрады. Яғни, саяси экономикада ресурстардың тапшы болуы, негізгі экономикалық жүйе құрудағы басты қайшылықтың бірі болып келеді. Сонымен қатар, экономикалық теорияда қандай да болмасын экономикалық жүйе құрудағы халықаралық тұтынуда халық мүддесін толық қамту, қамтамасыз ету, қойған мақсаттарға жету әрдайым қайшылықта болып келеді және әлеуметтік - экономикалық мүддені, қойған мақсатты толық іске асыру қамтамасыз етілмейді. Жалпы алғанда, нақты экономика жүйесін құруда, экономикалық іс жүргізуде, айналым айырбас жүйесімен тікелей байланыстыра құру қажет. Осы мәселені айқындай түссек, жүйенің негізгі дәріптесетін түрлі ілімі арқылы арнаулы және капитал арқылы іс-әрекет, қызмет жүргізуі немесе өнім шығаруы болып келеді. Табиғи ресурстарды пайдалану, орман, ағаш, су байлығының мәселелері тағы басқа жағдайлармен шиеленісіп жатады. Қорыта айтсақ, экономикалық жүйе құруда негізінен үш басты көрсеткіш, оның іргетасын қалайды. Яғни, экономика, қандай да болмасын жүйеде дамуда оның негізі-еңбек, капитал, табиғи ресурстар. Осы тұрғыдан қарасақ, тұтыну саласы ресурстар. Осы тұрғыдан қарасақ, тұтыну саласы ресурстар саласымен байланысты болу керек. Экономика жүйесін құрудағы орталық айналым мен ресурстар айналым және оның басты бөліктері: барлық шикізат ресурстары, еңбек ақы, тағы сол сияқтылар болып келеді. Оның қорытындысы тауар -ақша айналымы, соның негізінде таза пайда және таза түсім қалыптасады. Қандай болмасын өнім, жұмыс, қызмет оның қорытындысы: өндіріс, өнім, тауар болып келеді. Тауардың қасиеттері нарық экономикасы жүйесіндегі басты мәселе және проблема - қоғамдық еңбек тұтыну құны, нақты еңбек құны бірінші қатарға жатады. Сонымен қатар, жалпы тауар айналымында жеке еңбек құны, абстрактылы еңбек жалпы бағалау, тұтыну құн айқындалып, экономикалық дамуға әсер етеді. Егер, мұнда тұтыну құнына жалпы өнім - тауар қызмет құн мәселесіне келсек, онда тауарға сіңген еңбектің екі жақты екенін ескеру керек. Біріншіден: жеке еңбек, нақты еңбек, қоғамды еңбек болса, екіншіден: күрделі еңбек, нақты еңбек, нақты еңбек болып онда қосымша қалыптасатын еңбек түрлері бәсеке еңбек, жай еңбек, кауіпті еңбек оған қоса күрделі еңбек қатпарлары пайда болып, олардың бар түрі жалпы тауар құнына әсер етеді. Материалдық өндіріс қоғам өмірінің негізі болып, оның қатарында өндіріс еңбек заты, еңбек құралы, еңбек процесі арқылы қоғам негізін құрайды. Сондықтан, қандай да жүйеде дамуы болмасын, адамның табиғи мен өзара әрекетін және осы негізде туындайтын еңбек қатынасының жиынтығы болады. Сонымен қатар, қоғам өмірінде өндіріс құрал - жабдықтарын өндіретін өндірістер негізі қалыптасып, жалпы әлеуметтік-экономикалық даму негізі кең өріс алады, өрлейді. Осындай өрлеу жалпы ұлттық табыспен тікелей байланысты. Ұлттық табыс жалпы мемлекет ел көлемінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде, қоғамда ақшалай есептелгендегі өндірілген материалдық өнім-тауар, қызмет - жұмыс сомасын болып қорытындылады. Оған қосымша бүкіл ұлттық айналым қосындысы және жеке капиталдың өзара ұласқан байланысты жиынтығы. Топшылай келе, жалпы ұлттық табыс- кіріс қоғамда белгілі бір уақытта әр жылмерзімге шаққандағы, жалпы еңбекпен жасалған құнымен де есептеп, оның сомасын шығаруға болады. Әрбір экономикалық жүйеде, оның дамуы да құнмен байланысты, жер рентасына әсер етеді. Оның басты қасиеттері: а) ауыл шаруашылығында жұмысшылар жасаған қосымша құнның бір бөлігі ретінде қалыптасады; ә) ең нашар құнарсыз жер мен орташа және жақсы құнарлы жерден өндірілген өнімнің, өндірістік бағасы арасындағы айырмашылық немесе жер өнімділігімен байланыстылық; б) белгілі жер бөлшектерінде капиталды дәйекті түрде жұмсау нәтижесінде пайда болатын қосымша құн немесе жер құндылығымен өнімділігімен деңгейінің жоғары не төмен болуы; Жалпы экономикалық өрлеу, әлеуметтік экономикалық даму - әр елдің, мемлекеттің экономикалық жүйесін құру, пайдалану балама түрімен байланысты болатыны анық. Нарық экономика жүйесімен байланысты және өнім таурлары мен қызмет - жұмыспен байланысты, тағы бір ол -«үш негізбен» байланысты еңбек, капитал, табиғи ресурстар ең басты өндіргіш күштер болып келеді. Өндіргіш күштер оның тұрақты дамып өрлеуі, қоғамның әлеуметтік - экокномикалық өркендеп өсуінің ірге тасы, негізгі кепілі. Бірде бір ел, мемлекет, қоғам экономикасы, өндіргіш күштерін дамытпай ел экономикасын дамытуы мүмкін емес. Өндіргіш күштері: а) қоғамда жасалған өндіріс жолы - жабдықтары және адамдар - жалпы еңбек қоры; э) қоғамдағы бүкіл машина - механизмдер, жабдықтар жиынтығы; б) қоғамдағы барлық мамандық иелері жалпы интеллектуалды инженер-техникалық еңбек қоры және технологиялық ұйымдастыру әдіс-тәсілдері. Осындай өндірістік күштері және жалпы өндіргіш күштері нарық экономикасы жүйесінде пайдаланып, өнім шығаруда - өндірістік қатынастар туады және экономикалық өрлеуді қамтамасыз етеді. Онда қоғамдағы өндіріс процесінде: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну көпшілік тұтынушылардың санасы мен тыс пайда болатын, олардың айналасында қалыптасқан экономикалық қатынастар құрамы, қосындысы пайда болады. Қоғамдағы өндіріс процесінде өндіру, айырбастау, болу және тұтыну адамның санасына мен еркіне байланысты пайда болатын, оларда өзара реттелген экономикалық катынастар, кең көлемде өркенді деңгейде қалыптасады. Нарық экономикасы жүйесінде тауармен тікелей байланысты қоғамдық капитал болып келеді де онда: - белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамда өндірілген материалдық игіліктер - қоры құрамы, байлық, дүние; - жеке капиталдың өзара ұласқан байланысты қосындысы; - қоғамда белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жанды еңбекпен жасалған дүние. Сонымен қатар осы аралықта пайда болатын: а) қоғамдық қосынды қорытынды өнім; ә) белгілі бір уақыт кезеңі бойынша қоғамда өндірілген игіліктер жиынтығы; в) жеке капиталдандыру, өзара қалыптасқан байланысты сормасы; г) қоғамда белгілі бір уақыт кезең ішінде жанды еңбекпен жасалған жаңа құн.

2. Нарықтың инфрақұрылымы мен оның негізгі элементтері

Қазіргі кезде қоғамда нарық жүйесі қалыптасты. Нарық дегеніміз сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзара қарым-қатынас. Экоиомикалық теория осылардың арасындағы байланыстарды білдіретін түрлі жобалар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерттейді. Сондықтан, нарықты ұйымдастырудың нақтылы түрлерін зерттеу қажет. Қазіргі кездегі нарық дамыған инфрақұрылымға, яғни көмекші салалар мен ұйымдардың болуымен тікелей байланысты өмір сүреді. Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады. Үш түрлі нарықтың инфрақүрылымының элементтері бар, олар: тауар, (сауда), қаржы нарығы және еңбек нарығы. Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар - тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, делдалдық фирмалры. Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары. Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер - еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары жұмыс күшін реттеу және т.б. айналысатын мекемелер. Демек, классикалық нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері: сауда орындары, биржалар мен банктер екеніне көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар, нарықтың жемісті қызмет етуі үшін жарнама, ақпарат және кеңес беру қызмет орындары, бақылау мен тексеру мекемелері өте қажет, соларға тоқтала кетсек: Жарнама (латынның гесіато - жар салу, айқайлау деген сөзі) сұраныс ұлғайту мақсатымен тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпараттарды таратуды айтады. Ол тауар өндірісінің пайда болуының бастапқы кезеңінде қалыптасты. Мысалы, ежелгі Греция мен Римде саудасаттық жөніндегі мәліметтер ағаш, мыс пен сүйектен жасалған тақтайшаларға жазылды және олар арнайы қатты, дауыстап оқытылды. XX ғасырдың бас кезінде жарнама бәсеке күресінің басты пәрменді құралына айналды. Осы ғасырдың 70 жылдарында өзінің көптеген жарнама жүйелері бас жарнама бизнесінің индустриясы қалыптасты, ал жарнаманы маркетингті құрамдас бөлігі ретінде, жаңа басқару жүйесінің элементі ретінде қолданатын болды. Ақпарат (латынның іnformation - түсіндіру деген сөзі) деп нарықтың жағдайын талдап және бағдарлау үшін пайдаланылатын мәліметтерді айтады. Кез-келген фирма сұраныс пен ұсыныс туралы, пайда нормасы жөнінде, қай жерде арзан сатып алуға және қандай жерде қымбат сатуға болатыны туралы мәліметтерді қажет етеді. Қолдағы мәліметтер негізінде фирма өз іс-әрекетінің стратегиясын жасайды. Консалтинг (латынның соnsultng - кеңес беру деген сөзі) Қызметтер - тауарлар, қызмет көрсетулер, ноу-хау және т.б. нарықтарын зерттеу мен бағдарлау жөнінде көрсетіледі. Сондай-ақ құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Фирмалар консалтингі кеңінен пайдаланады, себебі мұндай кеңестер алу өздеріне арнайы мамандарды қызметке қабылдағаннан анағұрлым арзанға түседі.Аудиториялық компаниялар (ағылшынның -тексеруші деген сөзі деп бизнес сферасындағы мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында ферманың қаржы-шаруашылық қызметін кешенді тексеруді жүзеге асыратын ұйымдарды айтады. Аудиториялық компаниялар, әдетте, акционерлік компаниялардың қызметтеріне бақылау жасау үшін мемлекеттік органдардан арнайы өкілеттілік алады. Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбнесе экономикалық фактураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы. Коньюнктура туралы төменгі көрсеткіштер мәлімдейді: өндіріс пен құрылыс динамикасы; тауар запастарының мөлшері; баға, процент, бағалы, қағаздар курсының қозғалысы; пайда, еңбекақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі; еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас. Экономикалық коньюнктураға «Циклдық», «циклдық емес», «кездейсоқ», факторлар әсері бар: а) циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың (өндірістік құрал-жабдықтың) кезекті жаппай жаңаруына байланысты. б) циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер өтеді (оған ең алдымен ғылыми-техникалық прогресс жатады); в) кездейсоқ (уақытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, сән. Экономикалық коньнктураны жақсартудың әдістері: а) инвестиция аумағын реттеу (өндіріске жұмсау); б) фирмаларға мемлекеттік тапсырыстың жағдайы мен көлемінің өзгеруі; в) салық және пайыз ставкаларының дәрежесін қайта қарау; г) халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу. Қазір барша кәсіпорын өз шеңберінде немесе жекеленген нарықта нарық коньюнктурасының өзгеруін зерттейді, оның болашағы болжанады. Нарық коньюнктурасын болжау-маркетингтің де бір міндеті. Биржа (латынша bursa - эмиян деген сөз) нарықты ұйымдастыру, бақылау мен реттеу түрі ретінде XVI ғасырдан баршаға мәлім. Биржа деп стандартталған тауарлардың көтерме сауда нарығын немесе валюталарды, бағалы қағаздарды және жұмыс күшін сатып алу- сату жөніндегі операциялар нарығын айтады. Сатылатын заттарға байланысты биржалар - тауар, қор (валюта), еңбек биржаларымен бөлінеді. Тауар биржасы - бұл материялдар мен заттай обьектілердің, яғни шикі заттар, құралдар, астық, металл және т.б. ұйымдасқан нарығы. Мұндай биржалар мамандандырылған биржалар деп аталады. Әртүрлі тауарлар түсетін биржалар эмбебап биржалар деп аталады. Биржада сатып алу- сату тікелей жүзеге асырылмайды, онда сұраныс пен ұсыныс негізінде бағалар белгіленіп, сауда мәмілелерімен келісімдері жасалады. Қор биржалары деп бағалы қағаздар нарығын айтады, онда бағаларды белгілеу арқылы бағалы қағаздарды сатып алу - сату туралы мәміле жасалады. Бағалы қағаздарды саудалау аукциондағы сату принципі бойынша іске асырылады, онда оларды ең жоғары бағаны ұсынған сатып алады. Валюта биржасында көп мөлшерде валюталарды саудалау іске асырылады. Валюта. биржалары қор биржаларының құрамында болуы мүмкін. Қор биржаларында нарықтық баға, яғни бағалы қағаздардың биржалық курсы белгіленеді. Еңбек биржалары ерекше тауар - жұмыс күшін сатып алу-сату процестерін ұйымдастьыруға маманданады. Олар жұмысқа жалданатындар мен жалдаушылар арасында делдалдық жасайды еңбек биржаларының қызметтері: жұмыссыздарды есепке алу және кәсіпорындарды анықтау; жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету, жұмыскерлердің мамандығын жетілдіру мен қайта даярлауды ұйымдастыру. Биржалар мемлекеттік және жеке түрде болуы мүмкін, көпшілік биржалар-акционерлік қоғамдар. Биржа табысы сатылған тауарлардың, валюталардың, бағалы қағаздардың құнынан алынатын процент есебінен, құрылтай жарналары мен прокерлік орындарды сатудан түсетін кірістерден құралады. Биржа практикасында бірнеше мәмілелердің типтері жасалады. 1. Форвардтық (ағылшынның forward - алға) мәміле деп келісім сай сатушының қолындағы тауарлар мен оларды жөнелту (жеткізу) мерзімі көрсетілген, нақты тауарларға жасалған мәмілені айтады. 2. Фьючерстік (ағылшынның future - болашақ) мәміле деп келісім жасалған кезде қолда жоқ, болашақтағы тауарларға жасалған мәілені айтады. Шын мәнінде болашақтағы тауар емес, тауарға деген құқық сатылады. 3. Опцион (немісше орtіоn - таңдау, қалау) деп тауарды немесе белгіленген баға бойынша бағалы қағаздарды сатып алу құқығы беретін құжатты айтады. Бұл құжат сатылып, қолдан-қолға ауысады оның иелері ондағы көрсетілген тауарлар мен бағалы қағаздарды қымбаттауы кезінде, оларды сатып алыпсатарлық табысты иемденеді. 4. Хеджерлеу (немісше һеdgе - қоршау, сақтандыру) деп бағаның құбылмалы өзгеруіне байланысты шығынға ұшырау қаупіне сақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында мақсатында жасалған мәмілені айтады. Хеджерлеудің мәні, бір мезгілде екі мәміле жасалады: тауарларды жедел жеткізу (жөнелту) туралы мәміле және осындай тауарларды алдын-ала келіскен мерзімде сату туралы кері мәміле жасалады. 5. Мұндай мақсат, тауарларды жедел жеткізу кезінде бағаның көтерілуі салдарынан пайда болған шығындардың алдын-ала келіскен мерзімде сатып алудың есебінен толтыру және керісінше, жедел жөнелту кезінде бағаның төмендеуі салдарынан пайда болған шығындардың орнын тауарларды алдын-ала келіскен мерзімде сату есебінен толтыру. Нарықтың субъектілері немесе онда әрекет ететін тұлғалар - үй шаруашылығы, фирма және мемлекет болып табылады. Үй шаруашылығы (жанұя) деп құрамында бір немесе бірнеше адамдар болатын экономикалық буынды айтады, ол: а) Адам капиталын өндіру мен ұдайы өндіруді (өз жанұясының мүшелерінің денсаулығы, тәрбиелеу, білім беру жөнінде қамқорлық жасау) қамтамасыз етеді; э) дербес шешімдер қабылдайды; б) қандай да бір өндіріс факторының иесі және оны арендаға тапсырады немесе өз мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сатады; в) өз қажеттіктерін мейлінше мол қанағаттандыруға ұмтылады; Фирма деп экономикалық буынды айтады, ол; а) сатуға қажет өнімдерді өндіру үшін өндіріс факторларын пайдаланады; ә) пайданы көбейуге ұмтылады; б) дербес шешімдер қабылдайды; Мемлекет қоғамдық мақсаттардың орындалуына қажет нарық пен шаруашылық тұлғаларын бақылап отыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық және саяси биліктерді қолданатын өкіметтің мекемелерінен құралады. Үй шаруашылығы, фирма мен мемлекет-нарық объектілеріне иелік ету, пайдалану, сату мен сатып алуға байланысты өзара экономикалық байланыстарда болады. Нарықты шаруашылықтың объектілеріне жататындар: тауарлар мен қызмет көрсетулер, өндіріс факторлары (еңбек, жер, өндіріс құрал-жабдықтары), ақша, бағалы қағаздар, субсидиялар, әлеуметтік төлемдер және т.б. Нарықтың өзіне тән құрылымы болады. Нарықтың құрылымы деп оның өзара құрамдас жекелеген элементтерінің болуын айтады. Нарықтың құрылымын түрлі критерийлер бойынша жіктейді, олардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталайық. 1. Нарықты экономикалық қызметіне байланысты-тауарлар мен қызмет вестициялар, бағалы қағаздар, қаржы нарығы деп бөледі. 2. Географиялық жағдайына қарай-жергілікті, аймақтық, ұлттық,нарық деп бөледі. 3. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты — монополиялық, еркін, аралас нарық деп бөледі. 4. Сала бойынша-автомобиль, астық, металл және т.б. нарыққа бөледі 5. Сатып өткізуге байланысты-көтерме және бөлшек сауда нарығы деп бөледі. 6. Заң нормаларына сәйкестігі бойынша-ресми нарық және «Қара базар» Нарық экономикасының көпқырлылығы онда меншіктің көп түрлерінің болуы, әр түрінің үлес салмағы олардың тиімділігіне байланысты. Қазір нарық экономикасына тән: а) Мемлекеттік сектор; э) акционерлік кәсіпкелік сектор; б) кооперативтік /коллективтік/ кәсіпкерлер; в) жекеше сектор /жеке капиталистік және жекеше-еңбек қызметі/; г) аралас сектор /мемлекеттік-кооперативтік т.с/ бар. Мемлекеттік сектор, әдетте, табысы аз өндіріс салаларын, әлеуметтік инфрақұрылымды /ағрту, арнаулы білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру/ қамтиды да осы салаларға мемлекеттік бюджетте дотация беріледі. Мемлекеттік кәсіпорындар екі міндет атқарады: мемлекеттік табыстың мемлекеттік емес секторға тәуелсіз ролі, оның бірге түрлі нарық процестерін реттеу еңбекке тартуды ұлғайтудан экономиканың пайдалы салаларында бәсекені қолдау. Нарық айырбас, айналыс - бұл категориялар өзара тығыз байланысты және тұрмыста оларды бір- бірімен шатастырады. Дегенмен, олардың өздеріне тән белгілері, ерекшеліктері бар және олар тауар қатынастарының тарихи дамуының әртүрлі сатылары болып табылады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің қалыптасуы, қызметтер мен еңбек өнімдерін айырбастау қажеттілігін туғызады. Бұл мағынада айырбас дегеніміз бүкіл экономикалық дәуірлерге тән экономикалық категория болып табылады. Тауар айналысы деп ақша арқылы жүзеге асатын тауар айырбасын айтады. Түсінікті болғандай, тауар айналысы ақша айналысымен байланысты және ол дамыған ақша жүесінің болуын талап етеді. Алайда, көптеген жүздеген жылдар бойы тауар айналасы кездейсоқ, сирек құбылыс ретінде болды. Тек нарық жүйесі қалыптасқан соң ғана, ол жалпылама сипатқа ие болды. Нарық қоғамдық еңбек бөлінсі мен шаруашылықты жүргізу субъектілерінің өзара оқшаулауына негізделген тауар өндірісінің табиғи-тарихи даму процеснің нәтежиесі болып табылады. Нарық деп алғашқыда адамдар тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара айырбастайтын жерлерді атаған, бұлар әдетте қала ортасындағы алаңдар болды. Тауар өндірісінің дамуына қарай нарық дамып және ол туралы түсініктер күрделене түсті. Осыған орай, экономикалық әдебиеттерде нарыққа сан-қилы анықтамалар берілді. Бір бөлігі нарықты үстірт қараудың негізінде жоғарыдағы алғашқы адамдар түсінігінен көп ұзай алмай ұйымдастырылмаған у-шуы көп кәдімгі базармен теңейді. Енді бір бөлігі, нарықты «керемет күш» деп экономикалық өмірде болып жатқан олқылықтар мен қайшылықты тез арада жоятын «күш» дейді. Әлеуметтік -экономикалық дамуда, оның жолын салуда, деңгейлерін есептеп шығаруда-жалпы экономикалық талдаудың маңызы зор. Қорытындысын жасап шығаруда, экономикалық теория-методологиясы ғылыми негіз болып келеді. Осындай ғылыми негіз бойынша, әрбір кезеңге экономикалық даму нұсқалары жасалып, ол нұсқалар арналған кезең бойынша-бүкіл экономикалық, әсіресе макроэкономикалық даму нұсқасы, немесе даму жолдары деңгейі анықталады. Оны жасау үшін экономикалық есептелген, жан-жақты тұжырымдалған, қалыптасқан 4 кезеңнен тұрады. Олардың басты негіздері: - 5-10 статистика келешекті даму гипотеза нұсқасының методологиялық негізін құру - нақтылы алдағы 5 жылға нұсқа жасау. Оның қатарында, бюджеттің жалпы кірісі мен шығынының көлемін есептеп шығарып белгілеу. Онда бағалы қағаздардың, қаржылардың бағыттары мен қызметтері белгіленіп, көрсетіліп отырады. Өзінің құрамы жағынан мемлекеттік бюджет, ең басты маңызды шығын бөлімдерінен тұрады: 1. мемлекетті басқару шығындары; 2. әскери шығындар; 3. мемлекеттің шаруашылыққа байланысты шығындары; 4. сыртқы экономикалық шығындар. Мемлекет шығынының басты тарланына -экономикалық өндіріс секторының қызмет жасауын қамтамасыз етуге бірден - бір байланысты шығындар жатады. Мемлекеттік бюджеттің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқалы ең алдымен, коммуналдық меншік объектілері: жол, мектеп т.б. байланысты құрамдарын дамыту және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан тұрады. Жергілікті бюджеттің тағы бір басты бөлімі, әкімшілік сот пен прокуратура пайдаланады. Жоспарлы экономика - жүйесі қоғамдық немесе мемлекеттік меншікке негізделіп, экономиканың шаруашылық формасы жоспарлы негізде болады, яғни, заңдылық негізінде жасалған жоспар, экономиканың дамуында қолданылады. Баға -әкімшілік жоспарлы негізде қалыптасып, оның деңгейі шектеулі болады. Қаржы - қаражат - әрбір мемлекеттің қалыптасуымен байланысты. Сондықтан қаржы - қаражатсыз, бюджетсіз ешқандай мемлекет өзінің дамуын қамтамасыз ете алмайды. Экономикада қаржыландыру мәселесін тұрақты жүйелі шешу, экономикалық теорияның негізінде ол - қаржыландыру функциялары болып келеді. Оның басты бірінші функциясы -қаржыландыруда бақылау жүргізу. Оның басты принциптері және метологиялық негізі осы заманда қандайда да ел болмасын, өзінің бюджетін қалыптастыруымен қатар, көптеген кооперативтік, мемлекетік және жекешеленген қорларын қалыптастырып, жалпы ел көлемінде қаржы - қаражатпен қамтамасыз етуге тырысады және оның негізінде әлеуметтік -экономикалық даму өзінің бастауын алады. Экономикалық теория бүкіл экономика салаларында ғылыми негізі болып яғни, әлеуметтік - экономикалық дамуды дәріптеу, экономикалық құбыластардың барлық проблема -мәселелерін зерттеп, тұжырымдап, әлеуметтік - экономикалық даму түпнұсқасын дәлелдеп, болжам, жоспар негізін салу. Экономикалық теория негізі үш тұрғыдан қаралады: Экономикалық теория осындай зерттеу, тұжырымдау ұсыну жасауда - қаржы мәселесі бюджет саласында, әлеуметтік ~ экономикалық салаларды ұйымдастырып басқару жағы, басқа экономикапық салалардың бар бағытында - ғылыми-практикалық негіз болады. Негізінен ХХ-ғасырдың орта шенінен бастап, халықаралық экономикалық қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өзінің дамуында, жаңа сатыға көтеріледі. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдете дамытып, қаржыландыруды дамытуда, жаңа валюта рыноктарын құруды, елдер арасындағы валюталық қаржылық қатынастарды кеңейтуді қамтамасыз етті. Валюталық қатынастар дәстүрлі ақша қызметінің ауысуына байланысты,соның негізінде жүзеге асатын экономикалық қатынастың жиынтығы болды. Негізінен валюта, ақша - ішкі -сыртқы саудамен қызмет көрсетеді. Капиталдар қозғалысын пайдаланып инвестицияға аударуы немесе қарыз беруі, ғылыми - техникалық айырбасты, туризмді жүргізу заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді. Валюта ұлттық және халықаралық деңгейде, ақша валюта қатынастары негізінен ішкі-сыртқы саудамен қызмет көрсетеді. Капиталдар қозғалысымен ұлттық валюта жүйесі қалыптасады. Ұлттық валюта ақша жүйесі дегеніміз - мемлекет заңдарымен бекітілген, елдің валюталық қатынастардың ұйымдастыру үлгісі болады. Валюта курсы дегеніміз - жекеленген елдердің валюта аралық қатынасының немесе басқа елдердің валютасы арқылы көрсетілген жеке бір валютасының бағасы. Егер де, аралас экономикалық жүйелерін алсақ, онын қарамағында бәсекелі саясат, мемелекеттік секетормен оны қаржыландыру және макротеория негізінде макроэкономикалық талдау жасау - басты кажетті мәселе болып келеді. Қарап отырсақ, адам психологиясы өте қызық. Сәтсіздіктің себебін өзімізден емес басқадан іздейміз. Анық – қанығына жетіп алмай өткеннің барлығын теріске шығара салу біз үшін түкке де тұрмайды. Сонымен қатар мәнісіне жетіп алмай ерекше жаңа бір бастамаға өте әуеспіз. Егер ол да нәтиже бермесе, тағы да ойланбай теріске шығара саламыз. Сондағысы, жеке басымызды кінәдән аулақтату, қандай жағдай болмасын өзімізді жауапкершіліктен алып қашып ақтап шығу…. Сонда бұл өмірде келеңсіз жағдайлардың барлығына кім кінәлі? Олай ете берсек түбінде Абай кінәлі, болып шықпай ма? Бір сәт ойланайықшы…! Осы айтылған ерекшеліктерді үкімет басындағы үлкен ағаларымыздың экономика жайлы ой толғамдарынан анық байқауға болады. Бір сөзбен айтқанда “жоспарлы экономика” түкке жарамайды, ол бізді дағдарысқа алып келді… Бізді тығырықтан тек “нарықтық экономика” алып шығады, сондықтан да жаппай соған көшуіміз керек… Жарайды, көшейік. Көш басталғалы он жыл болды, сонда нарыққа қашан жетеміз? Оған да жауап табылады: “Қазір біз өтпелі кезеңдеміз, сол бір жиырма – отыз жылдан соң нағыз нарыққа қарық боламыз!”. Шын мәнісіне келсек, “жоспарлы экономика” мен “нарықтық экономика” бір – бірімен тікелей салыстыруға келмейтін түсініктер. Құр “жоспарлы экономика” мен “нарықтық экономика” деген сөздер бізге ешнәрсе бермейді. Мәселе – сөзде емес, мәселе – олардың табиғатында. Біз “жоспарлы экономика” дегенде Совет өкіметінің ескірген жарамсыз экономикасын елестетеміз де “нарықтық экономика” дегенде бейне бір жарқын болашаққа алып баратын жол іспетті көреміз. Өзімізге өзіміз сұрақ беріп көрейікші: “Совет дәуірінде ешқандай нарық болмады ма? Біз шет елдерге зат шығарған жоқпыз ба, я болмаса шет елдердің “импортный” заттарын тұтынған жоқпыз ба?”. Дәл сол сияқты “Жоспарсыз нарық бола ма? Тіпті алғанда, жоспарламай бірнәрсе жасау мүмкін бе?” т.т. Кәсіпорындар мемлекет меншігінде болғандықтан жоспарлы экономика кезінде ұшырағандары болса, олардың шығындарын мемлекет кәсіпорындарының есебінен жауып отыарды, яғни кәсіпорын пайда таппаса да өмір сүріп, жұмысшылар белгіленген жалақысын алып отырады. Артық – кем жағын айтуымыз керек, бұл жұмысшыларды әлеуметтік қорғау жағынан тиімді болса, кей жағдайларда олардың еңбекке, еңбек сапасына деген ынтасын төмендетеді. Ал, қазір болса, мемлекет өзге меншіктегі кәсіпорындарға жауап бермейді. Олар өз күндерін өздері көреді, әрі салық төлейді. Пайда таппайтын өндіріс орындары жабылуға мәжбүр болып, нәтижесінде жұмыссыздық проблемасы үлкен орын алып отыр. Нарықтық экономикаға келетін болсақ, жағдай мүлдем басқаша. Нарықтық экономиканың негізі сұраныс қажетін өтеумен қалыптасады. Өндірушінің мақсаты неғұрлым көп сұранысты қамтып, соған қарай ұсынысты қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да өнім сапасы ол үшін бірінші кезекте тұрады. Өнім сапасын арттыру үшін және шығынды азайту мақсатымен өндіруші неғұрлым аз жұмысшы жалдап, өндіріске соңғы үлгідегі технологияны негізіп отыруға мәжбүр. Сәйкесінше аса шебер жұмысшылар мен кәсіби мамандарға және жаңа технологияға деген сұраныс артады, яғни ғылыми – техникалық прогрестің дамуына зор мүмкіндік туады. Нарықтық экономиканың кемшілігі – бірқалыпты өндіріс болмайды, яғни бір өнеркәсіп ашылып жатса екіншісі жабылып жатады. Себебі белгілі бір өнімге сұраныс пайда бола қалса, өндірушілер сол өнімді өндіруге кіріседі. Барлық өндірушілердің пайда тапқысы келгенімен сұраныс шектеулі болғандықтан олардың арасында бәсеке (конкуренция) басталады. Осы бәсеке – нарықтық экономиканың қозғаушы күші болып табылады. Бәскеге түскен өндірушілер тәуекелге (риск) бел буады. Ал шын бәсекеде тек қана өндіріс шығындары аз және өнім сапасы жоғары өндірушілер ғана озып шыға алады. Қалған өндірушілер шығындарын өтей алмай жабылуға мәжбүр болады, яғни банкротқа ұшырайды. Нәтижесінде қайталанып отыратын жұмыссыздық ағыны болып отырады. Қоғамда әлеуметтік проблема үлкен орын алады. Өндіріс неғұрлым қарқынды болуы үшін, яғни мүмкіндігін толық іске қосып, соғұрлым көп пайда табуы үшін міндетті түрде төмендегідей негізгі төрт шарттың орындалуы тиіс. Біріншіден, барлық жұмысшы күшін толық пайдаланып, жұмыссыздықты болдырмау керек. Екіншіден, барлық ресурстар мейлінше тиімді, бірқалыпты таралуы қажет. Өндірістің тек қана пайдалы салалары ғана емес, сонымен қатар пайдасы аз болса да, тұрмыста қажетті болып табылатын өнім өндіруші салалары да керекті ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. Үшіншіден, жұмысшылар жұмысқа ынталы болып, әрбір минуттарына дейін тиімді пайдаланулары керек және олардың өндіру қабілеттері өте жоғары (приоизводительность) болуы тиіс. Төртіншіден, ғылыми – техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін өндіріске енгізіп отыру қажет. Себебі уақыт өтуімен барлық нәрсе ескіреді, оны алмастырып, әрі шығынды неғұрлым аз жұмсайтын және өнімділігі мол технологиялар енгізіп отыру қажет. Ғылыми – техникалық прогресс – пайданың нағыз қайнар көзі болып табылады. Қазақстан экономикасының дамуының ерекше жолдары: Ең алдымен Қазақстан өзінің ішкі нарығын қорғауы керек, яғни өз сұранысын өзі өтей алатындай дәрежеге ұмтылып, өз аузына өз қолымен өндірген азығын сала алатындай мүмкіндік туғызу екрек. Шикізатты сыртқа таза күйінде емес, тым болмағанда өңдеп сатудың жолын қарастыру қажет. Ақтық тұтынатын товар өндіретін өндірістерді жандандыру - кезек күттірмейтін шаруа. Әрине, Қазақстанда кейбір дамымаған өнеркәсіптің, мысалы: автомобиль жасау, компьютер т.б. сияқты салалары жетерлік. Бұл жағынан амал жоқ сырттан алып келуге тура келеді, ал оның орнын тамақ, жеңіл өнеркәсіп т.б. сияқты салалар арқасында ішкі сұранысты түгел қамтып, шетке шығарудың есебінен қайтару керек. Бір сәт назар аударып қарайықшы. Тұтынатын заттарымыз бен тамағымыздың жартысынан көбі, киетін киіміміздің тіпті түгелге жуығы шеттен алып келінеді. Бұлай жалғаса берсе, Қазақстанның қаншама байлығы болса да, ұзаққа бармайды. Ауылшаруашылық экономикасы нарықтық қатынастарда қорғансыз, дәрменсіз үлкен жүйе, яғни жеке дара біртұтас күрделі комплекс деп қарастырған жөн. Сонда ғана оның барлық проблемаларын жүйелі түрде шешуге болады. Жалпы алғанда ауылшаруашылығын жандандырудың негізгі екі жолы бар, ол: нақты алдын ала есептелген жоспар бойынша жұмыс істеу, яғни басқару жүйесін ретке келтіру және ақшаның ауылға ағылуына жағдай туғызу. Осы екі шараны іске асырмай қазіргі күні ауылшаруашылығын қалай жұлқыласаң да көтере алмайсың. Таза күйіндегі нарықтық қатынас – шын мәнінде тамаша механизм. Себебі ол өмір заңдылығымен өте үйлесімді. Тіршілік дамуының негізінде санның сапаға айналу заңы жатыр. Қолайлы орта туғанда барлық тіршілік иесі жылдам өсіп - өніп көбейеді де, қатаң жағдай орнағанда көп санның ішінен тек сапалылары ғана, басқа сөзбен айтқанда өмір сүру қабілеттері мықты, күштері ғана аман қалады. Тіршілік көзі - өмір сүру үшін жүргізілген күрес. Нарықтық қатынаста сұраныс көбейген сайын пайда табу жолындағы ұсынушылар да молая береді. Бірақ, барлық нәрсенің шарықтау шегі болатындықтан, ұсынушылардың саны белгілі бір мөлшерден асатын болса пайда табу да қиындай түседі. Нәтижесінде шығындары аз, өндіру қабілеттері жоғары ұсынушылар ғана қалады. Бұл процес негізінен өндірістік өнеркәсіптерде орын алады. Себебі өндіріс жұмыс жасауы үшін жұмысшы күші, шикізат және ақша болса болды. Ал ауылшаруашылығында таза нарықтық қатынас жұмыс істей алмайды. Себебі ауылшаруашылығының өзіндік ерекшеліктері көп. Атап айтатын болсақ, біріншіден өндіріс тікелей жермен байланысты. Жердің барлығы бірдей емес, әрі күтіміне қарай сапасы өзгеріп отырады. Екіншіден, тікелей табиғатқа тәуелді. Мысалы Қазақстанда дәнді - өнімінің түсімі 80 % табиғи жағдайға байланысты. Жаппай құрғақшылық болса, қанша шығын шығарсаң да мардымды өнім ала алмайсың. Үшіншіден, табиғи маусымға тәуелді. Жылына бір – ақ рет өнім алынады, тек кей түрлерін ғана екі рет егуге болады. Бұл тек біздің республикамызға ғана емес барлық мемлекеттерге тән ерекшелік. Сондықтан да осы ерекшеліктерді ескеріп, көпшілік нырақтық қатынастары дамыған мемлекеттерде арнайы ауылшаруашылық саясаты жүргізіледі. Былайша айтқанда өз мемлекеттерінің ауылшаруашылығын нарық қатерінен, әсіресе басқа елдер тарапынан ықпал ететін дүниежүзілік нарық қыспағынан қорғау және қолдау саясаты ұсталады. Бұл саясаттың негізінде шығынды есептеу мен ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын қалыптастырып, дұрыс бағытта ұстап отыру қажет. Осы күндері ауылшаруашылығымен жұмысшы – шаруалардың басым бөлігі шығындарын есептей алмайды. Өздері өндірген өнімдерінің шығынын есептемей, оның нақты сату бағасын тағайындау қиын. Себебі өнім өндіргендегі негізгі мақсат пайда табу емес пе? Пайда неғұрлым көп болу үшін оның сатылатын бағасы да соғұрлым жоғары болуы керек. Бірақ бағаны емін – еркін өз бетінше көитере алмасаң, оны нарық көрсетеді. Ол ұсыныс пен сұраныстың арақатынасына байланысты. Дәл осы сияқты үкімет те нарықтық қатынаста баға саясатын жүргізе алады. Үкімет табиғи монополия өнімдерінен басқа заттардың бағасын тікелей тағайындай алмайды. Бірақ нарықтық қатынастағы “беделінің” арқасында, сонымен қатар өзінің міндеті – кеден салығын белгілеу арқылы ішкі нарықта қалаған бағасын қалыптастыра алады. Бірінші нарықтық қатынастағы үкіметтің беделі қандай роль атқаратынын қарастырып өтейік. Нарықтық қатынаста баға ұсыныс пен сұраныстың арақатынасы арқылы айқындалады. Мысалы: сұраныс пен ұсыныс бердей арақатынаста болса, онда баға өзгермейді. Сұраныс көбейсе заттың тапшылығы (дефицит) байқалады да ұсынушылар пайда табуды көздеп, емін – еркін бағаны көтереді, қымбатшылық басталады. Ал егер сұраныстан ұсыныс артып кетсе, керісінше баға төмендейді. Мемлекет нарықтық қатынста өзінің меншігіндегі игіліктеріне байланысты ұсыныстың да, сұраныстың едәуір бөлігін құрайды. Сондықтан да ол өзінің ұсыныс пен сұранысын өзгерту арқылы ықпал ете алады. Нәтижесінде оларды өзара теңестіріп, өзі ойлағанындай бағаны қалыптастыра алады. Мемлекеттің нарықтық қатынастағы беделін пайдалана отырып бағаны сұраныс пен ұсынысты өзгерту арқылы реттеуінің бір жағы. Енді кеден салығын белгілеу арқылы реттеуін қарастырайық. Негізіне келгенде өз өндірушілерінің мүддесін көздеген көпшілік мемлекеттер осы кеден салығын белгілеу арқылы өзінің ішкі нарығын (рыногын) қорғайды. Ішкі нарық деп мемлекеттегі барлық тұтынушылардың қажетті бұйымдарға, әртүрлі қызметтерге деген сұранысы мен оны қамтамасыз ететін жалпы ұсынысты айтамыз. Кез – келген өндірістің өнімі осы нарыққа келіп түседі. Тұтынушысын тапса ақшаға айналып, өндірушіге пайда болып оралады. Өз кезегінде өндіруші өзіне қажетті заттарды да сол ақшаға осы нарықтан сатып алады. Осылайша ақша ішкі нарықта айналып отырады да барлығының қажетін өтейді. Кез – келген мемлекет тұғыры – оның экономиасы болып табылады. Қазақстан экономикасының түзеліп кетуі өте күрделі мәселе. Оның үстіне тұнып тұрған байлығына шұқшия қадалып, жұта салуға даяр жан – жақтан анталаған алыс – жақындағы айдаһарлар тұрғанда, Қазақстан экономикасының болашағы жарқын екендігіне кім кепілдік бере алады.

3. Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі

Нарықтық экономика баға мен рыноктар жүйесі арқылы жұмыс істейтін күрделі механизм секілді. Нарықтық экономикада өнімдер тұтынушылар арасында рыноктік бағаға сәйкес тікелей аларлықтай қабілеттері мен тілектері негізінде бөлінеді. Қазақстан Республикасының ұлан – ғайыр жері, оның ерекше бай қазыналары, табиғи- экономикалық қолайлы жағдайлары бар. Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуы оның экономикасының дербестігінің негізі болып табылады. Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалы да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемлдік тәжірибе мен республикамызға тән ерекшеліктерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр. Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет – республикасының өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, “технологиясын” талдау. Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне асырудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтарды болжай алмайтындықтарынан болып отыр. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы, экономикасын дамыту жолында – нарықтық экономикасына өтті. Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшелеіктер бер еді. Қазақстан Республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық қатынастырды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары -–табиғи мүмкіндіктері, экономикалық, ғылыми – географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар. Қазақстанның нарыққа еркін өту үшін негізгі концептуалдық бағыттарының мынандай міндетитерін шешу қажет: Экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканың жерге деген бірегей меншігі, оның қазба байлықтары, ішкі және аймақтардағы сулары, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, мәдени және тарихи қазыналары, материалдық және финанс /қаржы/ мүмкіндіктері, өндірістік және өндірістік емес орындары экономикалық дербес саясат жүргізе алатындығы. Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік – экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми -–техникалық прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады. Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттелінеді. Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған өнімді сатуға байланысты мәселелермен маркетинг саласы айналасады. Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады. Нарықтық қатынас сұраным мен ұсынысқа негізделеді. Сұраныс тұтынушылардың қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың басты жетекшісі өнімнің бағасы - өнімнің бағасы өссе сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқандай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі, нарықтық көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады. Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған товарының санынан – ақ белгі бермек. Товар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, товар өндіру көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан ұсынысқа әсер ететін басты себеп – пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек, өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе өндіріс шығындарын азайтады. Қазақстан республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық қатынастарды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары – табиғи салауатты салмақтары, экономикалық – географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар. Қазақстан экономикасын қайта құруда аймақтық бағдарламаларды іске асыру үшін республиканың әрбір аймағында экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік жағдайларды жан – жақты терең зерттеу қажет. Бұл жағдайда республиканың аймақтық экономикасының маңызы өте зор. Қазақстанның толық дербестік алуы және жаңа өндірістік қатынастарға (нарыққа) көшу республиканы экономикалық аудандарға бөлудің мәселесін терең зерттеуді күтіп отыр. Еліміздің өндіргіш күшінің орналасуы және дамуы өндіргіш күшінің даму деңгейінің және өндірістік қатынастарының белгілі бір кезде пайда болатын әлеуметтік – экономикалық мүдделермен байланысты жинамикалық процесс. Кез келген нарықтық өнім тұтынушылар арасында олардың тілектері және оның нарықтық бағасын төлеуге қабілеттілігі негізінде тұтынушының таңдау еркіндігі принципі бойынша бөлінеді. Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып, тұтынушылар ықыласындағы өзгерсітерді жеткізіп тұруға қабілетті. Нарықтық экономикада өндіріс пен тұтынуды қадағалайтын әкімшілік бақылау жоқ. Нарықтық жүйеде бәсекелестік тетік бақылау функциясын атқарады. Нарықтық экономика жеке және қоғамдық мүдделердің теңдігін жасайды. Бәсекелік нарықтық ортаның бас пайдасын ұлғайтуды көздеген кәсіпорындар мен ресурстарды жеткізушілер, бір мезетте, әлдебір көрінбейтін қолмен бағытталып, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге ықпал тудырады. Бәсекелік нарықтық ортаны құру ресурстарды тиімді бөлу мен еркіндікке жеткізеді. Нарық жүйесі жекеменшікке негізделген. Нарықтық экономикада мемлекеттің рөлі аса зор. Қазіргі кезеңде экономика үшін мемлекеттік кеңістік, мемлекеттік шекара жіне мемлекеттік шаруашылық орталығы қандай қажет болса, мемлекеттік өкімет, мемлекеттік тәртіп және мемлекеттік ынталылық соншалықты әбден керек. Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндеті – оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және оны экономикалық барша субъектілердің орындауын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджет нарықтық экономикалы елдерде мемлекеттің экономикалық саясатының шоғырлануын білдіру болып табылады. Нарықтық экономикалық жүйе өте күрделі нәрсе. Ол арқылы сансыз көп жеке, еркін таңдалған шешімдер еске алынып, қосылып және өзара теңестіріледі. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы экономикалық жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықты қайта құруды одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Осы процесті тездету барысында жүзеге асатындай тиімді механизмі бар терең мазмұнды заңнама базасы қажет. Әрі, ұлттық және халықаралық заңнамалар арасында айырма үлкен болған сайын, ішінде шетелдіктер де бар кәсіпкерлер үшін де, инвесторлар үшін де тәуекел ұлғая түседі. Нарықтық экономикалық жүйені жүзеге асыру үшін Қазақстанда заңдардың толық кешені жасалған. Соның өзінде ол кешен Қазақстанның тек экономикалық мүмкіндігін ғана ескеріп қоймай, республика халқының ділі мен экономикалық танымына да байлансты көптеген толықтамалар жасауды қажет етеді. Көптеген нарықтық институттар ішінде республиканың банктік жүйесі өзінің дамуына айтарлықтай қысқа кезеңде қалыптасуының теріс салдарын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақшалай – несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макро – экономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфроқұрылымның өрлеуі мен дамуына аса маңызды рөл ойнады. Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфроқұрылымның жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды. Нарықтық қатынсқа өту аймақ экономикасының ешқандай секторларына инвистициялық процестің өзіндік жандануына әзірше нақтылы алғышарт жасалған жоқ. Инвистициялық институттардың қалыптасуы, олардың қаржылық тұрақтылықтарының проблемалары инвестициялық процестердің барлық деңгейінде мемлекеттік реттеудің басты рөлін өзіне қалдырады. Мемлекеттік емес эмиссиялық құнды қағаздардың қор рыногы арқылы инвестиция тарту, акционерлік меншік формаларын пайдалану арқылы қолайлы инвестициялық ахуал тудыру оның институциялдық дамуының аяқталмағандығына, Қазақстан компаниялары мен банктерінің ішкі биржа рыногында “көгілдір қағаздарға” сұраныстың жоқтығына келіп тіреледі. Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Бұл жағдай нарық жүйесін құрылымдық жағынан шектеудің көптеген белгілері бар екендігін анықтайды. Ең алдымен, әр түрлі тауарлар топтарының /тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар, шикізат және дайын заттар/ нарығы. Сонымен қатар, нарықты аумақтық өзіндік белгілеріне сәйкес былайша белгілеуге болады; белгілі бір аймақтың нарығы; салааралық бірлестіктер нарығы және әлемдік нарық. Нарықтың тағы бір құрылымын анықтайтын белгі – нарықтық қатынастардың кемеліне келу деңгейі, яғни дамыған нарық. Нарық саны мен қатар, әр қоғамда енгізіліп, әрекет етіп отырған заңдылыққа сәйкестігі жағынан ашық /ресми/ және жасырын /көлеңкелі/ нарық болып ішінара бөлінеді. Шын мәнінде, нарықты экономика – таңдау және еркін кәсіпкерлікке негізделген. Мемлекет – еркін таңдаушылықты шектейтін күш. Еркін таңдау қашанда және барлық субъектілермен жоғары бағалылықпен таңдау ретінде танылады, ал күштеу /ықтиярсыз көндіру/ - осы бағалылықты теріске шығару деп түсіндіріледі. Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің “өзегі” – бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Расында, бәсекелестік монополияның пайда болуы факторларының бірі екені белгілі. Монополияның дамуы – нарықты экономикасының бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Бұдан келіп бәсекелестік бастаманы арнаулы қорғау және экономикадағы монопольдік тенденцияны шектеу қажеттілігі пайда болады. Мұндай қиыншылықты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады. Нарық экономикасына “пайдасы жоқ” өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен олар капиталдың орнын ұзақ кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады. Нарықтың өзін - өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе – теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға және т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.

Қорытынды

Қазіргі кезде қоғамда нарық жүйесі қалыптасты. Нарық дегеніміз сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзара қарым-қатынас. Экоиомикалық теория осылардың арасындағы байланыстарды білдіретін түрлі жобалар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерттейді. Сондықтан, нарықты ұйымдастырудың нақтылы түрлерін зерттеу қажет. Қазіргі кездегі нарық дамыған инфрақұрылымға, яғни көмекші салалар мен ұйымдардың болуымен тікелей байланысты өмір сүреді. Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады. Үш түрлі нарықтың инфрақүрылымының элементтері бар, олар: тауар, (сауда), қаржы нарығы және еңбек нарығы. Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар - тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, делдалдық фирмалры. Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары. Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер - еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары жұмыс күшін реттеу және т.б. айналысатын мекемелер. Бүгінгі таңда құрал – жабдықтарға мемлекеттік монополиядан бас тарту, меншіктің әр түрлі формаларын енгізу; мемлекеттік кәсіпорындарды тауар өндірушілерге айналдыру – экономикалық реформаға толық жол ашып отыр. Осы арқылы әр түрлі бір – біріне тәуелсіз өндіріс бөлімдері пайда болуда. Олар тауар – ақша қатынастарының жаңа сапасына көшуді, яғни нарықты экономиканың қалыптасуын тездете түседі. Шындығында, қазіргі жағдайда нарыққа көшуден басқа балама жоқ. Нарықтық экономиканың өміршеңдігі мен тиімділігін бүкіл дүниежүзілік тәжірибе қуаттап берді. Біздің қоғамымызда нарықтық экономикаға көшу ең алдымен адамдардың мүдделерін қолдау ниетінен туындап отыр, ал оның түпкі мақсаты - әлеуметтік жағынан бағдарланған экономика құру; бүкіл өндірісті тұтынушылардың талап - тілектеріне қарай бұру; тапшылықты және кезекке тұру тәрізді қолайсыздықтардан құтылу; азаматтардың бостандығын іс жүзінде қамтамасыз ету; еңбек сүйгіштікті, шығармашылық пен ынталылықты, жоғары өнімділікті көтермелеу үшін жағдай жасауға деген талпыныстардан туындауда.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Нарықтық экономика дегеніміз не? 2. Нарықтық экономикасына кіріспе. Алматы. Экономика 1995. 3. Аубакиров “Экономика теориясының негізі” Алматы. 2000. 4. Конституциясы.–Алматы “Жеті жарғы”, 1996. 5. Общая экономическая теория. Политэкономия // Под ред. В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой. – М., 1995. 6. Қазақстанда нарықтық қатынасының дамуы. // жаршы – 2001. № 11 – 60 б.

Похожие материалы