Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық әскери қызметкер әлемнің үздік спортшысы атанды

Қазақстандық әскери қызметкер әлемнің үздік спортшысы атанды

Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының қатысушысы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаевты ғаламшардың үздік спортшысы болды. Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

58 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Мамаев испандық Жезус Тортос Кабреромен айқаста жеңіске жетіп, әлемнің 30 мықты таэквондошылары арасында абсолюттік чемпион атанды. «Қазір Нұрсұлтан өрлеу үстінде. Ол ірі әлемдік турнирлерде бірнеше мәрте жеңістерімен өзінің шеберлігін растай отырып, қарқынды түрде жоғарыға қарай ілгерілеуде. Соңғы уақыт ішінде ол қатарынан бірнеше рейтингтік сайыстарды жеңіп алды. Қазіргі кезде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға бірден-бір үміткер болып табылады және жоғары марапаттарды алуды көздеп отыр», - деп атап өтуде таэквондодан команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Әнуар Үсенов. Нұрсұлтан Мамаев 2010 жылғы жазғы жасөспірімдердің Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы лондондық Олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), жазғы Универсиада және  VI Дүниежүзілік армия ойындарының жеңімпазы (2015), бірнеше дүркін жеңімпаз және халықаралық рейтингтік турнирлердің жүлдегері.  Ол ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының дарынды спортшыларының бірі. Оған отандық әскери спортты дамытуда ерекше үміт артылып отыр.   0

Похожие материалы