
21 қазан күні QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық зерттеу орталығы 2015-2016 жылға арналған Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері университеттерінің рейтингін жариялады. Бұл туралы forbes.kz хабарлайды.
Ал Қазақстан ЖОО осы жылы алғашқы ондыққа кіре алмады. Еліміздің 14 университеті Топ-150 рейтингіне кірген университеттердің үшінші ондығында көш бастады.
Ең жақсы нәтижені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті көрсетіп 21 орынды иеленді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Универсиеті 33 орын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті 54 орынға ие болды.
Ал академиялық бедел бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 3 орынға, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті 13 орынға ие болды. Осы критерий бойынша Қазақстанның ЖОО-ы Топ-50 рейтингіне енді.
EECA Universities 2015/2016 – Қазақстан
2015 |
Университет атауы |
21 | Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті |
33 | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті |
54 | Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті |
63 | Қазақстан-Британ Техникалық Университеті |
67 | Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті |
74 | Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті |
81 | М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті |
100 | Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекттік Университеті |
101-110 | Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университеті |
111-120 | Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті |
111-120 | Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті |
131-140 | М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті |
131-140 | Алматы Технологиялық Университеті |
141-150 | Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті |
Өткен жылы QS сарапшылары 368 университетімен жұмыс істеп, 237 университет іріктеліп, 100 ЖОО финалға өткен. Ал 2015 жылы 500-ден аса университеттің жұмысы қаралып, 308 университет іріктеліп, жарияланған рейтингте 150 ЖОО көрсетілді.