2015 жылдың 13 сәуірінен бастап "Қазақтелеком" АҚ SDP-платформа (Service Delivery Platform) негізінде "Видео online" атты жаңа қызметін шығарды. SDP-платформа жаңа конвергентті мультимедиялық қызметтерді орналастыруға және жылдам әзірлеуге мүмкіндік береді. Негізгі телефония қызметінен бастап күрделі көңіл-көтеру қызметтеріндегі аудио және видеоконференцияларды да әзірлеуге болады.
"Видео online" қызметі - бір күннің ішінде жылдам ұйымдастыруға арналған дайын әрі сенімді шешім. Қосымша құрылғылар мен бағдарламалық жабдықтамаларсыз қас-қағым сәтте ағынды бейне таратуға мүмкіндік береді.
Шағын онлайн-конференциялардан бастап көлемді іс-шараларды (бір уақытта 10 000 құрылғы қосуға болады) ұйымдастыруға болады. Интернет желісіне қосылардағы видео көруге қажетті ең төменгі жылдамдық - секундына 512 Кбит.
Одан бөлек, бұл қызмет қолданушыларға тұтынушылардың сенімділігін арттыруға көмектеседі. Жұмыс барысын онлайн бақылауға әрі "Қазақтелеком" АҚ қызмет көрсету нүктелеріне бармай-ақ жеке кабинетке кіруге мүмкіндік бар.
"Видео online" қызметін қосу үшін IP-камера, Megaline, iD Net, ALTEL 4G немесе кез келген басқа интернет-провайдерлер арқылы Интернетке қосылуға мүмкіндік болуы керек. Ағынның шығыс жылдамдығы (upstream) - секундына 256 Кбит-тан төмен болмауы тиіс.