"ҚазАгро" ұлттық холдингі комбанктердің егістікті қаржыландыру өтінімдерін қабылдауды тоқтатты
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өтінімдердің бөлінген соммадан асып түсуіне байланысты комбанктерден бюджеттік несие есебінен 2015 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру үшін қорландыру өтініштерін қабылдауды уақытша тоқтатты деп хабарлайды ұлттық холдингтің баспасөз қызметі.
Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні 2015 жылдың 13 ақпаны.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау бойынша іс-шараларды өткізу үшін ұлттық холдингке 60 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік несиенің бөлінуі жоспарлануда.
"Бүгінгі таңда екінші деңгейлі 10 банктен 86,9 млрд теңге жалпы соммасына өтінімдер қабылданды", - деп айтылады холдинг хабарламасында.
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымына кіретін компанияның инвестициялық активтердің тиімді басқарылуын қамтамассыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроөнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ кіреді.