Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» басшысы қызметінен босатылды

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» басшысы қызметінен босатылды

Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – Азат Бектұров «Қазаэронавигация» компаниясының бас директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің (АҚК) баспасөз қызметі хабарлады.

«23 тамызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Бектұров Азат Ғаббасұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 тамыздағы № 112 бұйрығына сәйкес қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Азат Бектұров 2014 жылдың тамызынан бері «Қазаэронавигация» АҚ бас директоры қызметін атқарған еді. 2006-2014 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі қызметін атқарған.

Похожие материалы