Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Азия Авто" І тоқсанда автокөлік өндірісін 47%-ға төмендетті

"Азия Авто" І тоқсанда автокөлік өндірісін 47%-ға төмендетті

"Азия Авто" автожинақтаушы зауыты 2015 жылдың қаңтар-наурызында 20,8 млрд теңге сомасына 4,381 мың автокөлік шығарды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автокөлік өндірісі 47%-ға төмендеді. 2015 жылдың І тоқсанында "Азия Авто" шығарған көлемнің 71,5%-ы KIA автокөліктері болды. Шығарылымның 21,8% және 6,7%-ы сәйкесінше Chevrolet және Skoda модельдері. Осы жылдың І тоқсанында "Азия Авто" компаниясының таза шығыны 1108,4 млн теңгені қамтыды. "Кәсіпорын өнімінің шығарылатын бағасын мәжбүрлі төмендету "Азия Автоның" бір автокөлігіне шаққанда 680 мың теңге көлемінде орташа қаржылық шығынға әкеліп соқтырды", - делінген хабарламада. "Қаңтар айында ресми дилерлер сатылымдары үштен бірге қысқарды. Бұл тек бер жағы ғана. 24,5 мың есепке тіркелген автомобильдердің 7,5 мыңы ресми сатылымдарға тиесілі. Автомобиль нарығының үштен екісі «көлеңкеде» қалды. Ақпан айында бұл пропорция «сұрқай» импорттың пайдасына тағы да артты", - деп келтіріледі хабарламада "БИПЭК Авто" директоры Игорь Потаповтың сөзі.

Похожие материалы