"Азия Авто" автожинаушы зауыты 2014 жылы 113,5 млрд теңгеге 28,803 мың автокөлік шығарған. 2013 жылмен салыстырғанда автокөлік өндірісі 7,1%-ға төмендеді.
2015 жылға арналған өндіріс жоспары нақтыланып жатыр.
"Өндірісті қазір нақтылап жатырмыз, Skoda, Kia, Chevrolet өндірісі тоқтап тұр. Қоймаларымызда 18 мың автокөлік тұр. Қазір біз не өндіреміз? Серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, олар жағдайымызға түсіністікпен қарап отыр", - деп хабарлады Өскеменде өткен пресс-конференция барысында "Бипэк Авто-Азия Авто" компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин.
Қазақстандық авто нарығындағы күрделі жағдайға өткен жылдың аяғындағы Ресей рублінің девальвациясы себеп болды, Ресейдегі бағалар қазақстандық бағалардан тартымдырақ болып шықты.
"Біз (ресейлік бағалармен бірдей етіп - 7kun.kz) жеңілідктер жасай алмаймыз, және қазір машиналар Ресейден алынып жатқандығын түсінеміз. Бірақ біз бағалар өсіп келе жатқандығын көріп тұрмыз. Менің ойымша, жылдың аяғына таман жағдай түзеледі. Баға ұсынысы бойынша біз ресейлік валютамен теңесеміз", - деді А.Балушкин.
Компанияның баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, "Азия Авто" АҚ шығарылымының 41% KIA автокөліктері (11,832 мың бірлік) болды, шығарылған өнімнің 22,2% Skoda автокөліктеріне тиесілі (6,404 мың бірлік), 22,2% - Chevrolet (6,402 мың бірлік).
"Азия Авто" зауыты 2002 жылы құрылған. Зауыт серіктестерінің қатарында Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan, "АвтоВАЗ" және KIA Motors компаниялары бар.