Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Азия Авто" жаңартылған KIA Sorento кроссоверін шығара бастады

"Азия Авто" жаңартылған KIA Sorento кроссоверін шығара бастады

"Азия Авто" автомобиль құрау зауыты (Шығыс Қазақстан облысы) жаңартылған KIA Sorento кроссоверінің өндірісін қолға алды.

2014 жылдың қазан айында аталған көлік маркасы Париждегі автосалонда ел назарына алғаш рет ұсынылған болатын. "Азия Авто" Кореядан тыс жерде кроссовер өндірісін жолға қойған алғашқы кәсіпорын болып отыр. Модель Base, Comfort, Luxe, Prestige және Premium деңгейлерінде қолжетімді болмақ. Барлық нұсқада ауаны иондау жүйесінің климат-бақылауы орнатылған. Көлік сатылымы 2015 жылдың қаңтарында басталды. "Азия авто" зауыты 2002 жылы ашылды. Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan, "АвтоВАЗ", KIA Motors секілді концерндермен серіктестік орнатқан.

Похожие материалы