Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азиялық қор нарығы өткен аптада күрт құлдыраудан кейін өсуді қалпына келтірді

Азиялық қор нарығы өткен аптада күрт құлдыраудан кейін өсуді қалпына келтірді

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Азия Тынық мұхиты аймағындағы қор индексі бүгін, 2018 жылы 12 ақпанда өткен аптадағы күрт құлдыраудан кейінгі өсуін қалпына келтірді, деп хабарлады MarketWatch.

Хабарланғандай, Азия Тынық мұхиты аймағындағы еркін қор индексі сауда барысында, Жапонияны есептемегенде,  12 ақпанда 1 пайызға өсті. Айта кетейік, Жапония нарығы мемлекеттің негізі қаланған күнін мерекелеуге байланысты жабық.

Сондай-ақ, гонконгтік Hang Seng индексі 0,5 пайызға, қытайлық Shanghai Composite 0,6 пайызға, Оңтүстік Кореялық KOSPI 1,3 пайызға өсті. Ал, Австралиялық S&P/ASX 200,  керісінше, 0,3 пайыз жоғалтты.

Осы аптада Азия - Тынық мұхит аймақтарындағы нарықтар  - Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін тойлауына байланысты жұмысын тоқтатады.

Өткен сессиялардың қорытындысы бойынша,  дүйсенбі күні АҚШ акцияларының көтерілуі, Азиялық индекстерге қолдау болды. Еске сала кетейік, өткен аптада қытай нарығындағы акциялар төмендеген еді. Жалпы алғанда, 26 қаңтардан бері, әлемдік қор нарығы құлдыраудың екі толқыны салдарынан 5,2 трлн доллар жоғалтты. Бұл жалпы капитализацияның шамамен 6 пайызын құрайды.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы