Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясында кадрдық өзгерістер болды

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясында кадрдық өзгерістер болды

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясы (ҚМГ БӨ) директорлар кеңесінің мүшесі Кертвуд Хиллман өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлайды LS.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, К. Хилманның өкілеттігі 2015 жылдың 20 қазанында тоқтатылды. Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон К. Хиллманға алғысын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ал директорлар кеңесінің жаңа мүшесі туралы ақпарат арнайы талаптар бойынша жарияланады. Кертвуд Хиллман ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің мүшесі болып 2015 жылдың 15 сәуірінде тағайындалды. Инженерлік геология мамандығы бойынша Солтүстік Дакота университетін бітірді. Texaco Inc. және Еуропа, Африка, Еуразия, Солтүстік Америкадағы HESS Corporation компанияларына түрлі қызметтер атқарды.

Похожие материалы